Шымкент тұрғыны рейсті кейінге шегергені үшін әуежай қызметкерін ұрған
Шымкент қаласының тұрғыны рейсті кейінге шегергені үшін әуежай қызметкеріне дүрсе қоя беріп, қол жұмсаған, деп хабарлайды zakon.kz. Шымкент қаласы әуежайындағы желілік полиция бөлімшесіне Air Astana әуекомпаниясының 22 жастағы өкілі Шымкент-Алматы бағытындағы әуерейсінің жолаушысына қатысты шара қабылдау туралы шағымданды. «Арызданушының айтуынша, жолаушы әйел рейстің кешігуіне және ауысуына байланысты өзін дөрекі ұстап, балағат сөздер айтқан. Мән-жайды анықтау…
