Tag Archives: Семей

Семейде бәліш ішінен тышқанның жүні табылған соң, мектеп асханасы жабылды

Фото: Видеодан скрин

Семейде нан өнімдерінен тышқанның жүніне ұқсайтын зат табылған соң, мектеп асханасы жабылды. Ата-аналардың шағымынан кейін асхана тексеріліп, кәсіпкерге санитарлық ережелерді бұзғаны үшін 600 000 теңгеден астам айыппұл салынды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Бір апта бұрын ата-аналар отыратын чатта жеуге жарамсыз салмасы бар үшпучмактың суреті тарады. Шағымнан кейін комиссия мектепке рейд жасап, тамақтандыру қызметіне жауапты мектеп директорына сөгіс жарияланды. Асхананың өзі санитарлық органдар тарапынан мұқият тексерілді. Осылайша құқықбұзушылықтар анықталды. Десе де орган өкілдері нақты мәлімет айтпады. Олар нан өнімдерінен басқа ешқандай заттар табылмағанын айтты.

Кәсіпкер бұзушылықтарды түзетіп, жаңа жұмыс істеуге рұқсат алғанша асхана жабылады. Бір қызығы, мектептің өзі де, оның асханасы да қыркүйек айында ғана ашылған.

“Анықталған құқықбұзушылықтар үшін жеке кәсіпкерге Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 425-бабы (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) бойынша хаттама толтырылды. Сонымен қатар, кәсіпкердің мектеп асханасындағы қызметін уақытша тоқтату туралы жедел әрекет ету шараларын қолдану жөнінде қаулы шығарылды”, – деді Семей қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау бөлімінің басшысы Шыңғыс  Чокушев.

Семейде құлаққаппен телефонға қарап келе жатқан жігітті пойыз қақты

Фото: Pixabay

Бұл оқиға сенбі күні қала орталығында жолаушылар пойызының оны қағып өткен кезде орын алды. Жігіттің қабырғасы сынып, мидың шайқалуы орын алған. Қазіргі уақытта дәрігерлер оның жағдайын орташа ауыр деп бағалап отыр, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Дәрігерлер 23 жастағы жігіттің оң аяғын ампутациялауға мәжбүр болды.

«Ауруханаға түскен кезде бірден жансақтау бөліміне жатқызылды. Шокқа қарсы терапия жүргізіліп, ота жасалды. Оң жақ аяғының ортаңғы үштен бір бөлігіне ампутация жасалды, ал сол жақ санының жұмсақ тіндерінің жарасына бірінші хирургиялық өңдеу іске асырылды», – деді Семей жедел медициналық ауруханасының бөлім меңгерушісі Дарын Бақтыбаев.

 

«Бензин жоқ, ақша кетіп жатыр»: Семей тұрғыны Qazaq Oil АЖС-на шағым түсірді

Фото: видеодан скрин

Семей тұрғыны Qazaq Oil жанармай құю станциясындағы даулы жағдайға қатысты видео жариялап, шағым түсірді. Кадрларда ер адам колонка пистолетін қолында ұстап тұр — бензин ағылмайды, бірақ таблодағы көрсеткіштер ақшаны есептеуді жалғастырып жатыр. Автор бұл оқиғаны «әділетсіз жағдай» деп атап, бейнежазбаны әлеуметтік желіге таратқан, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы.

Компания жағдайға жедел жауап қатты:
«Сигнал үшін рақмет. Мұндай жағдай біздің стандарттарға мүлде сай келмейді. Видео техникалық бөлімге толық тексеруге жолданды. Мүмкін, жабдықтың техникалық ақауы болған, ол жедел түрде жойылады», — делінген Qazaq Oil ресми жауабында.

Интернет қолданушылары пікір қалдырып, осындай жағдайлардың жиілігі мен АЖС жабдықтарының дұрыстығын кім бақылайтыны жайлы сұрақ қойды.

Редакция компанияның тексеріс нәтижесін күтуде. Сарапшылар жүргізушілерге чек пен санауыш көрсеткіштерін мұқият тексеріп, даулы жағдай болса, дереу әкімшілікке немесе call-орталыққа хабарласуға кеңес береді.

Семейде су құбыры орнатылғаннан кейін жол опырылып, көліктер өте алмай қалды

Фото: видеодан скрин

Семейдің Щорс көшесіндегі тұрғындар жаңа қиындыққа тап болды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Бірнеше апта бұрын мұнда орталық су құбыры тартылып, жол қайта көмілген еді. Алайда тұрғындардың айтуынша, мердігер ұйым жұмысты сапасыз атқарып, топырақты «шала көміп кеткен». Енді көшенің бір бөлігі опырылып, батпаққа айналған. Бейнежазбаларда көліктердің балшыққа батып, шыға алмай жатқан сәттері көрінеді. Жер қыртысы қақ жарылып, жолдың кей тұсында ірі жарықтар пайда болған.

«Құбырды жүргізді, сосын қалай болса, солай көміп кетті. Қазір жер отырды, көлікпен жүру мүмкін емес», – дейді жергілікті тұрғындар.

Интернеттегі пікірлерде де жұрт ашулы. «Бұл қалыпты жағдай» деп ақталушылар да табылды.

Алайда тұрғындар әкімдік пен мердігерден нақты жауап талап етуде. Енді қала билігі мен жауапты компания бұл жолды қалпына келтіру жұмыстарын қолға ала ма – уақыт көрсетеді.

Семейде балалар төбесінен су сорғалаған апатты мектепте оқып жүр

Фото: видеодан скрин

Семей қаласының Восход кентіндегі №34 Бауыржан Момышұлы атындағы мектеп жаңа оқу жылына дайын болмай шықты. Мектептің дәліздерінен төбеден су сорғалап, еденді толығымен басып қалған, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Мұғалімдер шелек қойып уақытша шара қолданғанымен, мәселе шешілер емес. Әлеуметтік желіде ата-аналар дабыл қағуда.

«Балаларымыз апатты мектепте оқып жүр. Ылғалдан ауырып қалады, құлап жарақат алуы мүмкін», – деп жазды бір ана.

Алайда жергілікті билік бұл жағдайға нақты шешім ұсына алмады. Әкімдіктің ресми түсіндірмесіне сүйенсек, мектептің шатырына толық жөндеу қажет. 2024 жылдың қыркүйегінде жобалық-сметалық құжат дайындалып, сараптамадан өткен. Бірақ 2025 жылға сұралған қаржы әлі бекітілмеген. Қазіргі таңда шатырдың үш кабинетте, дәлізде және спортзалдың үстінде тесілгені айтылды.

Су кірген сыныптардан оқушыларды екінші ауысымға басқа бөлмелерге көшірген. Бірақ ата-аналар бір сұраққа жауап таба алмады: неге қаражат бөлінбей, балалар тағы бір жыл осындай жағдайда оқу керек?

«Бүгінде тек уақытша герметизация жұмыстары жасалуда. Ал толық реновация бағдарламасына мектеп тек 2026 жылы енгізілген», – деді облыс әкімі аппаратының баспасөз қызметі.

Бұл жағдай Семейдегі мектептердің ахуалына қатысты үлкен сын туғызды. Жергілікті биліктің әрекеті мен балалардың қауіпсіздігі қазір қоғам назарында.