Tag Archives: сатқындық

«Сатқындық жасады»: Танымал трансгендер сүйіктісімен ажырасып кеткенін айтып жылап қалды

Фото: видеодан скрин

Танымал трансгендер, блогер Никонет сөз байласқан жігітімен екі жаққа кеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Желі жұлдызы Threads парақшасында жазба жариялады.

“Адамдардың мені алдағанын жек көремін. Өйткені мен танымалмын, шынайымын әрі мейірімдімін. Елдің бәрі мені қызықтайды. Бірақ екеуміздің араласатынымызды біле тұра, ол басқа біреуді тауып алады. Әркім өз орын білсін. Мен ешкімді жоғалтқан жоқпын. Ол мені жоғалтты. Қыздар, естеріңізде сақтаңыздар! Ешкімнің сіздің сыртыңыздан екінші адаммен сөз байласуына құқығы жоқ. Біз құндымыз, ханшайымбыз”, – деді блогер.

Алайда блогер ажырасып кетсе де, экс-жігітінің фотоларын әлі сақтап жүргенін айтты.

“Мен ажырасып кеткенімді мойындаймын. Бір ай қарым-қатынас құрдық. Сол уақытта одан ештеңе сұраған жоқпын. Адамның мүмкіндігі өзін қуантуға жетеді деп ойладым. Ол маған бір тал гүл де сыйлаған емес. Оның берген гүлі қымбат көліктен де құнды еді ғой?! Құрбыларым: “Ол сен үшін ештеңе жасағысы келмейді” дегенді айтып отыр. Сатқындық менің жүрегімді жаралады. Қазір мен жылап отырмын, бірақ күліп айтамын: біз енді жай таныстар болып қалайық. Мен әлсіз болып көрінгім келмейді”, – деп жазды Никонет.

«Маған үй алып бердім дегені өтірік» — актер Ерлан Біләл ұстазы Тұңғышбай Жаманқұловқа жауап берді

Белгілі актер Ерлан Біләл «Базарlike» бағдарламасында ұстазы Тұңғышбай Жаманқұловпен татуласуға әрекет жасағаны айтты, деп хабарлайды Qazaq.today Halyq-uni-не сілтеме жасап. 

Кино және таетр актері Тұңғышбай Жаманқұлов «Феникс» фильміне байланысты істі болғанда шәкірті Ерлан Біләлдің өзін қолдамағанын, керісінше қарсы жақтың сойылын соққаны үшін өкпелі екенін айтқан болатын. Ерлан Біләл осыған қатысты жауап берді.

«Ол кісі менің ұстазым. Мен шамам келгенше ол кісіге араша түсуге тырыстым. «Аға, қойыңыз, тоқтаңыз, бұлай істемеңіз» деген сөздерімді, жанашырлығымды дұрыс түсінбеді. Біреудің айтуымен осылай айтты деп қабылдады. Өзі солай ойласа мен не істейін? Барынша ағам, ұстазым ретінде жақсылық жасауға тырыстым. Ал ол кісіге кім ақыл-кеңес берді, әлде өзі солай түсінді ме, білмеймін. Ол туралы айтпағаны да қалмады. Әлеуметтік желі, теледидар, газет-журнал бәріне айтардай-ақ айтты. Бірақ мен тайталасқым келмейді. Мен өзімнің пейілім, көңілім таза екенін білемін», – дейді Ерлан Біләл.

Актер «Тұңғышбай Жаманқұловтың келіншегі Дәрияны экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлынан кешірім сұрауға мәжбүрледі» деген айыптауды да жауапсыз қалдырмады.

«Соттың ісі болып бара жатты. Содан Дәрияға барып айтқаным рас. Бірақ мен оны мәжбүрлеген жоқпын. Қызыл тілге ерік берсеңіз неше түрліні айта береді ғой. Мен де айтар едім, бірақ айтқым келмейді. Артын қазып, шу қылғаннан ешкім береке таппайды. Қазір мен «ол былай болды, бүйткен де сөйткен» десем, ертең қаншама пікір туады. Оны бірі түсінсе, бірі түсінбейді. Қара нәрсемен алысқанша, адам жарыққа ұмтылу керек. Менің ұстанымым сол. Мені сол кісі оқытты, келіншегімен бірге оқыдық. Келіншегіне айтқаным рас. Өйткені ана кісі түрмеге кетіп бара жатты. Амал жасайық, тоқтатайық дегеніме кінәлі болып қалдым. Екеуіміз кездесіп қалып тұрамыз. Амандасамын, кейде қолымды алмай кетеді. Маған үй алып бердім дегені өтірік. Демеуші тауып үй алып берген Болат Атабаев», – дейді актер.

Ерлан Біләл ұстазымен тату болмаққа бекініп, өзі қадам жасағанын да жасырмады.

«Айтарыңызды тіліңіз жеткенше айттыңыз, қояйық, тату болайық, амандасып жүрейік. Бұл кімнен қалмаған өмір?» дедім. Бірақ «иә» деген де жоқ, «жоқ» демеді де. Мейлі, мен өз борышымды орындадым. Менің айтатын нәрсем көп. Бірақ мұның соңы жанжалға ұласады. Одан жұмыстың бәрін ысырып қойып осымен айналысу керек болады. Менің оған уақытым жоқ. Қазір ғылыммен айналысып жүрмін», – дейді Ерлан Біләл.

 

Qazaq.today