Tag Archives: сарапшы

Біздің киноларда боғауыз сөз көбейді — сарапшы

Фото: aikyn.kz

Қазір кім қандай кино түсірем десе де оған бөгет пен шектеу жоқ. Алайда соңғы жылдары түрлі жанрларда түсірілген жекеменшік киностудияларда боқтық сөздермен шыққан туындылар қаптады. Ал бұл үрдіс ары қарай әлеуметтік желілерде тарады. Бейәдеп сөйлеуге (ар-намысты қорлайтын, балағат немесе өшпенділік тудыратын сөздер айтуға және оны таратуға) заңмен тыйым салу — қазіргі қоғамда жиі талқыланатын өзекті мәселе. Қазір жастардың арасында боғауыз сөз айту және оны көпшілікке еркін ұялмай жариялау белең алып кетті. Qazaq Today тілшісі аталған мәселе бойынша сарапшы пікірін тыңдап көрді. Осы тақырыпты заңдық және әлеуметтік тұрғыдан түсіндіріп көрсек. Деседе бейәдеп сөйлеуге қатысты Қазақстан заңнамасында бұрынан көрсетілген. Бірақ дәл арнайы оны кинолар арқылы экраннан көрсетіп, әлеуметтік желілердегі бейәдеп сөйлеуге нақты “балағат сөз айтуға тыйым салу туралы” жеке заң жоқ, бірақ мұндай әрекеттер бірнеше құқықтық баптармен реттелген. Деседе оны елеп жатқан жан некенсаяқ. Тіптен кино туындылары мен шағын роликтер түсіруде әдепсіздік басым болып бара жатыр.

«Мен өзім негізі бірнарсені тыю арқылы басқа бір нәрсені арттыру дегенге қарсымын. Цензура болмауы керек. Ия, келісемін біздің кинода, әсіресе веб сериалдарда боқтық сөздер көп. Бірақ енді олардың бәрін жауып, бұғаттып, шығармай тастау деген дұрыс жол емес. Альтернатива жасаңдар — сапалы, мәдени сөзбен жазылған туындылар санын арттырыңдар. Таңдау болу керек — сонда бәрі болады», — деді киносыншы Жанкелді Өмірәлиев.

Неліктен мұндай киноларға тыйым қажет

Кез келген кинотуынды көпшілікке көрсетіледі. Ал оны жастар, бұғанасы қатпаған балалар дұрыс деп қабылдауы мүмкін. Бүгінгі қоғамда қалыптасқан жағдай осы кемшіліктердің тікелей жемісі. Ал кино саласымен айналысып жүргендер қоғамдық мәдениетті сақтауға алдымен мән берулері тиіс.

Дегенмен, сөз бостандығы бар

Қазақстан Конституциясының 20-бабы:

> «Әркімнің сөз бостандығына құқығы бар. Бірақ ол құқық басқа адамдардың құқықтары мен абыройына нұқсан келтірмеуі керек».

Яғни, пікір айту және оны көрсету мен жариялау еркіндігі бар, бірақ бейәдеп және қорлайтын сөздердің кеңінен насихатталуына жол берілмеуі тиіс. Киноларда балағат сөз айтуға заңмен тыйым салу мәселесі қоғамдағы моральдық құндылықтар мен сөз еркіндігі арасындағы тепе-теңдікке қатысты маңызды сұрақтардың бірі. Қазақстанда киноларда бейәдеп, балағат сөздерді қолдануға тікелей тыйым салынған нормалар бар. Бұл мәселе бірнеше заң актілерімен реттеледі. “Кинематография туралы” Қазақстан Республикасының Заңы (2019 ж.)

21-бап, 2-тармақ бойынша:

> Қазақстан аумағында көрсетілетін фильмдер жас санаттарына сәйкес белгіленеді және олардың мазмұнында порнография, зорлық-зомбылықты насихаттау, нәсілдік және діни өшпенділік, бейәдеп сөздер болмауы тиіс.

Балағат немесе бейәдеп сөздер бар фильмдер тек жас шектеуімен (“18+”) және арнайы ескертуімен ғана көрсетілуі мүмкін.
Ал кең экранда (жалпы көрсетілімде) мұндай фильмдерге рұқсат берілмейді. “Балаларды денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпараттан қорғау туралы” заң бар.

Бұл заң бойынша, бейәдеп сөздер мен зорлық көріністері бар фильмдер балаларға көрсетілмеуі тиіс. Сондықтан телеарналар мен кинотеатрлар фильм мазмұнына “жас шектеу таңбасын” қоюға міндетті.

Цензура емес, мәдени шектеу

Кейбіреулер мұны сөз еркіндігіне қарсы шара деп қабылдайды, бірақ заң тұрғысынан бұл цензура емес,
қоғамдық мәдениетті және балаларды қорғауға бағытталған шектеу. Мақсат — қоғамдағы әдеп нормаларын сақтау,

қазақ тілі мен мәдениетіне жат сөздерді экранда таратпау,

жастарды агрессия мен дөрекілікке бейім етпеу.

Практикада қалай жүзеге асады

Кинематография комитеті мен Мәдениет және ақпарат министрлігі фильмдерді прокатқа шығар алдында мазмұндық сараптама жасайды;

Егер фильмде бейәдеп немесе балағат сөздер анықталса:

ол “18+” деп белгіленеді;

кейде дубляж кезінде сөздер жұмсартылып немесе өшіріліп беріледі.

Банкноттардың жиі ауыстырылуы теңгеге деген сенімге әсер етпейді – сарапшы

Фото: 24kz

Қазақстанда банкноттар жиі ауысады. Көптеген тұрғындар теңгенің жиі ауысын қаламай жатса, енді біріне банкноттардың түсі, көлемі немесе дизайн жағы ұнай бермейді. Кезінде қазақтың батырлары, ақындары, саяси тұлғалары белгіленген теңге тұрақты түрде ауысып келеді. Qazaq Today тілшісі банкноттардың жиі ауысу себебін анықтап көрді.

Ұлттық банктің 20, 10 мың, соңғы рет шығарған 5 мың теңгелік ақшалардың бет-бедері өзгеше. Ал жуырда бұрынан қолданып жүрген 1 мың теңге тағы жаңарды. Бұның себебі неде? Онсызда құнсызданып жатқан ұлттық валютаны жиі ауыстырғаннан қандайда бір жетістік бар ма?

«Банкноттардың жиі ауыстырылуы теңгеге деген сенімге әсер етпейді. Керісінше, ұлттық валютаның тұрақтылығы оның сенімділігін арттырады. Қазіргі таңда қолма-қол ақшаны сирек қолданамыз, көп операциялар банк картасы мен телефондағы QR арқылы жүзеге асады. Купюралардың дизайнын жаңарту жалған ақша жасау әрекеттерінің алдын алудың тиімді тәсілі. Егер купюралар ұзақ уақыт бойы өзгермей қалса, алаяқтар оны пайдаланып қалуы мүмкін, сондықтан банкноттарды уақытылы жаңарту маңызды», — деп түсіндірді Pablic Policy Research орталығының директоры, экономист Меруерт Махмутова.

Теңгенің сапасы берік болу үшін оған барынша күрделі элементтер көбірек енгізіліп, жай адам түсінбейтіндей бедер мен кесіндер бейнеленеді. Ұлттық валютамызда кемі оннан астам түрлі элемент бар. Теңгенің жасалуы барынша құпия және жалған ақша жасау заңмен қудаланады. Бірақ соған қарамастан жасанды ақша айналымы тоқтар емес.

«Қазақстандағы купюралар нақты ақшалар, олардың ішінде мақта мен пластмассадан жасалатын түрлері бар. Купюралардың жиі ауыстырылуының екі негізгі себебі бар. Біріншіден, әсіресе ұсақ ақшалар тез тозады олар суға түсіп, жыртылып, ескіреді. Екіншіден, бұл жалған ақша жасаушылардың әрекетінің алдын алу шарасы. Мысалы, әлемдегі ең сенімді валюталардың бірі саналатын доллардың өзін де кейбір елдер бастапқы түрінен айнымайтындай етіп басып шығара алады.
Біздің теңгеміздің өзінде 14–16 түрлі қорғаныс элементі бар, соған қарамастан жалған нұсқаларын жасауға тырысатындар кездеседі. Сондықтан Ұлттық банк әрбір 4–5 жыл сайын купюралардың дизайнын жаңартып отырады. Бастапқы жылдары банкноттарда белгілі тұлғалардың суреттері бейнеленсе, қазір олардың дизайны табиғат пен тарих тақырыптарымен байланыстырылады. Бұл тәсіл ұлттық валютаның эстетикалық және мәдени құндылығын арттырады.
Купюралардың дизайнын жаңарту теңгеге деген сенімге теріс әсерін тигізбейді себебі ол айырбас бағамына, сатып алу қабілетіне немесе инфляцияға ықпал етпейді. Керісінше, купюралардың сапасы мен ірілігі экономикалық айналым үшін тиімді», — деп санайды сарапшы Сапарбай Жобанов.

«Сені жұмыстан шығарады деп ойлаймын»: Димаш Құдайберген Олжас Байділдинов туралы

Коллаж: sn.kz

Танымал әнші Димаш Құдайберген ҚазМұнайГаз-дың бұрынғы басшысы, мұнай сарапшысы Олжас Байділдиновке шүйлікті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Олжас Байділдинов осыдан бірер күн бұрын газ бағасының қымбаттап жатқанын тілге тиек етіп, Астана мен Алматы қалаларындағы автобуста жол жүрі бағасын 500 теңгеге қымбаттатуды ұсынған еді. Сондай-ақ, қазақ тілін кемсіткен.

«Біз, қазақтар, әлемнің барлық тілдерін құрметтейміз. Бірақ құрмет өзіңнен басталады. Өз тілінен ұялып, өзгенің мақұлдауына ұмтылған адам сөзін емес – тамырын жоғалтады. Олжас, сен сияқты арандатушыны жұмыстан шығарады деп үміттенемін, өйткені сен қорқақ кішкентай бала сияқтысың. Сен қазақша білмегендіктен қазақ тілінде жазбадым», — деп жазды ол.

«Теңге құнының түсуіне төрт түрлі себеп бар»: экономистер доллардың қымбаттауына қатысы болжам жасады

Коллаж: Qazaq Today   

Доллар рекордтық көрсеткішке көтеріліп, 550 теңгеге жетті. Бұл онсызда қымбатшылық қыспағында отырған халықты алаңдатып, өз кезегінде нарықта біраз ажиотаж туғызды. Нарықтағы ойыншылар мен спекулянттар доллардың бұдан әрі де өсетіні жөнінде дақпырт ақпаратты әліде таратып жатыр. Жаз бойы жылжи өскен жанармай бағасы да жұрттың жүйкесінде тиердей азық-түлік пен өзгеде тұтыну заттарының құнын көтерді. Несиемен күн көріп жүрген бұқараның жағдайы доллар өсе берсе не болмақ? Доллардың рекордтық жағдайда қымбаттауына не себеп? Qazaq Today ақпарат порталы экономистердің пікірін білді.

Егер экономикалық факторларға қарасақ, теңгенің құнсыздануына фундаменталды себептер әсер етті деп айта алмаймыз.

«Өткен айда теңгенің әлсіреуіне бірқатар жағдайлар ықпал етті. Тамыз айында бюджеттен едәуір қаражат бөлініп, ол ірі компанияларға жетті. Олар өздерінің инвестициялық жобаларын жүзеге асыру үшін көптеп доллар сатып ала бастады. Мысалы, зауыттарға жаңа технологиялар мен станоктарды орнату үшін шетел валютасы қажет болды. Осы процесс қыркүйекте долларға деген сұранысты арттырды. Оның әсері әлі де сақталып отыр, өйткені бюджеттен бөлінген қаржы игерілуі тиіс. Сондықтан бұл айда да долларға сұраныс жоғары болмақ», — дейді экономист.

Қай, қандай дүниеге сұраныс күрт артқан жағдайда, оның бағасы бірден шарықтап шыға келеді. Уақытша көрініс болса да, осы аралықта алыпсатарлар пайдаға кенеліп, тұтынушылар қалталарынан қағылады.

«Дегенмен теңге қатты құнсызданбайды. Себебі Ұлттық қордан бөлінетін аударымдар көбейеді деп болжанып отыр. Тамызда шамамен 450 млн доллар болса, қыркүйекте – 550 млн доллар, ал қазанда тіпті 700 млн долларға дейін өсуі мүмкін деген болжам бар. Демек нарықта қосымша доллар ұсынысы болады. Яғни, бюджет шығындарын қамтамасыз ету үшін Ұлттық банк валюта нарығында долларды сатады. Бұл тікелей интервенция болмаса да, теңгеге жанама қолдау көрсетеді», — деп санайды Мақсат Халық.

Доллардың теңгеге шаққандағы құны 600 маңайында дегенді экономистер бұрыннан айтып келеді. Бірақ АҚШ валютасының бірден күрт көтерілуіне ел билігі жол бермеуге тырысады. Алайда, сыртқа саяси ахуал күрделенсе, державалардың тартысы күшейсе, оған қарапайым мемлекеттер қарсы тұра алмайды.

«Әрине, мұның бәрі 100 пайыз осылай болады деуге болмайды. Әлемде түрлі жағдайлар орын алып жатыр. Мысалы, жуырда АҚШ Федералдық резерв жүйесі доллардың негізгі пайыздық мөлшерлемесін аздап төмендетті. Соған сәйкес доллардың әлемдік құны төмендей бастады. Доллар индексі бұрын-соңды болмаған деңгейге түсіп, 98-ге жетті. Бұл да белгілі бір дәрежеде доллардың құнын әлсіретіп отыр. Бұған қарасақ теңгеміз нығаюы тиіс. Бірақ оның әлсіреуіне басқа факторлар да әсер етеді. Соның бірі – мұнай бағасы. Қазір мұнайға қатысты болжамдар тұрақталғандай көрінгенімен, жақында ОПЕК+ отырысы өтеді. Онда мұнай өндіру көлемін арттыру туралы мәлімдеме жасалуы мүмкін. Егер олай болса, әлемдік нарықта мұнай қоры көбейіп, мұнай бағасы арзандайды. Бұл теңгеге тікелей қысым түсіреді.Сонымен қатар, АҚШ-тағы қазіргі жағдай да маңызды. Елде shut down қаупі туындап отыр. Бұл – Үкіметті қаржыландыруды уақытша тоқтату деген сөз. Мұндай құбылыс қаржы нарығына белгілі дәрежеде кері әсер етеді. Бұдан бөлек геосаяси жағдайлар да ықпал етуі мүмкін. Егер осындай сыртқы факторлар қысым жасамаса, теңге тұрақталуы тиіс», — дейді сарапшылар.

Қаржыгерлер доллардың күрт қымьаттауына ірі ойыншылар әсер етті және ол үнемі жалғаса береді деген пікірде.

«200-300 миллион доллар бір жерде күнделікті саудада сатылады, сол кезде басқа біреуге қосымша 50 миллион қажет болды. Осы сәтте, әрине, қиын болады және теңге сәтсіздікке ұшырайды. Менің ойымша, одан әрі ауытқуды күтуге болады. Мен бұл бағытқа таң қалмаймын», — деді қаржыгер Расул Рысмамбетов.

Сарапшылардың пікірінше, ұлттық валютаның әлсіреуі АҚШ-тың ЖІӨ мен жұмыспен қамтудың күшті көрсеткіштерімен де байланысты. Бұл әлемдік нарықтарда жасыл валютаны нығайтты. Қосымша фактор мұнай құнының төмендеуі болды. Айналып келгенде үнемі қайталана беретін бұндай жағдайлар мемлекеттің экономикасына қысым жасап, тасылмал, құрылыс, кедендік алым мен баспана бағасының көтерілуіне әкеледі. Ад онсызда ұлттық валютасы құнсызданған мемлекет жалақы мен әлеуметтік төлемдерді көтеруге қауқарсыз болып шығады.

«ОПЕК плюс» елдері мұнай өндіруді ұлғайтқысы келеді. Сауда шектеулері мұнайдың төмендеуіне теріс әсер етеді. Бұл факторлар қазір теңгенің әлсіреуіне әсер етеді», — деп санайды R-Finance қаржы кеңесшісі Арман Байғанов.

Сарапшылардың пікірінше, жыл соңына дейін доллардың тағы да қымбаттауын күтудің қажеті жоқ. Өйткені Ұлттық Банктің араласу ықтималдығы төмендемейді.

«Бұл бюрократияны азайтады»: Президент Жолдауында айтылған ұсыныс жайлы заңгер пікір білдірді

Фото: inbusiness.kz

Президент елде ауқымды саяси реформа күтіп тұрғанын мәлімдеді. Тоқаев бүгінгі Жолдауында болашақта сенатты таратуды ұсынды. Аталған ұсынысқа қатысты белгілі заңгер Абзал Құспан пікір білдірді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

«Президент Қ.Тоқаевтың 2027 жылдан бастап бір палаталы Парламентке көшу бастамасын қолдаймын. Бұл – заң шығару процесін жеңілдетіп, бюрократияны азайтатын қадам.

Кейбір сарапшылар айтқандай, бұл демократияны шектеу емес. Керісінше, партиялық жүйені нығайтып, саяси бәсекелестікті арттырады», — деді депутат.

Оның сөзінше, бұл ашық, әділ сайлау жүйесінің қалыптасуына ықпал етеді.

«Ең бастысы – әділ және ашық сайлау. Сонда Парламент халықтың шынайы даусын жеткізетін алаңға айналады», — деп қысқа қайырды депутат.