
«Ақын аға-апаларымыз қантпен, қан қысымымен ауырады»: Сара Тоқтамысова айтыс өнерінің қиын екенін айтты
Айтыскер Сара Тоқтамысова ақындардың айтысқа қатысқаннан ауру болып жатқанын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. Оның айтуынша, айтыс өнері адамды күйзеліске түсіреді. «Айтыс деген өте қиын өнер. 20 минуттың ішінде өзің суырыпсаласың, қарсыласың не айтатынын білмейсің, сен оған жауап беруің керек. Айтыстың белгілі тақырыбы болады, ол туралы айтуың керек. Оның үстіне сен әртіс болуың керек. Қазір ақын…