Tag Archives: саны

Су тасқынынан құтқарылғандардың саны 90 мыңға жуықтады

Бүгінде елімізде құтқарушылар 88 мыңға жуық адамды эвакуациялады. Бұл туралы ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің аға офицері Ерасыл Сайпаш айтты, деп хабарлады Qazaq.today тілшісі.

«9 сәуірдегі 16:00-дегі жағдай бойынша Азаматтық қорғау қызметі 88 мыңға жуық адамды құтқарды. Оның 30 мыңы – бала. Қазір уақытша орналастыру пунктерінде 7 мыңнан аса адам бар. Оның 3 700-і – бала. 4 800 адам өз үйлеріне оралды. 82 315 бас мал қауіпсіз жерге айдалды», — деді Ерасыл Сайпаш ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, қазір апаттық-құтқару жұмыстарына 23 мыңнан аса адам, 2 500-ге жуық техника, 448 су сору техникасы және 131 жүзу құралы, 6 әуе кемесі жұмылдырылған.

«Соңғы тәулікте Төтенше жағдайлар министрлігінің 525 маманы мен 100-ге жуық техникасы Алматы қаласынан Қарағанды, Павлодар және Ұлытау облыстарына, сондай-ақ Қорғаныс министрлігінің Астана қаласындағы №58665 әскери бөлімі Солтүстік Қазақстан облысына жіберілді», — деді аға офицер.

Бүгінде ТЖМ мен жергілікті атқарушы органдардың күштерімен 8 млн-нан аса текше метр еріген қар суы сорылған, сондай-ақ 1 млн 200 мыңға жуық қапшық, 1 млн тоннадан асатын инертті материал төселген.

«Ақтөбе, Қостанай облыстарына Қырғыз Республикасының гуманитарлық көмегі келіп жетті. Қалған жүк көліктері Атырау, Батыс Қазақстан облыстарына бара жатыр», — деді Ерасыл Сайпаш.

 

 

Елімізде базарлар саны азайып барады

2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстанда 644 сауда базары тіркелген, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 78-ге аз.

Ұлттық статистика бюросының мәлімдеуінше, оның ішінде 435 сауда базары (121,5 мың сауда орны) қалалық жерде, ал 209 – ауылды жерде (38,7 мың сауда орны) орналасқан.

Базарлардың ең көп саны Түркістан облысында – 114 бірлік, сондай-ақ Алматы және Ақтөбе облыстарында — әрқайсында 57 базардан.

Өңірлік бөліністегі ең көп сауда орны Алматы қаласында – 23 400 орын (38 базар), ал ең азы Ұлытау облысында — 528 орын (8 базар).

Айта кетейік, 298 базар заңды тұлғаларға тиесілі болса, қалған 346-сы жеке кәсіпкерлерге тіркелген.

Елдегі базарлардың жалпы ауданы 7,4 млн м2 құрайды.

Маңғыстаудағы жаппай улану: зардап шеккендер саны артты

Бейнеу ауданында қоғамдық тамақтану орталығында ас ішкен 36 адам уланып, оның 28-і ауруханаға жатқызылды.

Маңғыстау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 8 адамға медициналық көмек көрсетілгеннен кейін амбулаториялық ем тағайындалған.

Дәрігерлердің айтуынша, ауруханаға жатқызылған науқастардың жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр. Уланғандар аудан орталығындағы «Али-Ман» атты дәмханада тамақтанған. 22 ақпаннан бастап аталған қоғамдық тамақтану орнының қызметі уақытша тоқтатылды.

 «Науқастарға облыстың бас инфекционист-дәрігерімен телемедицина арқылы консилиум ұйымдастырылып, тиісті ем-дом тағайындалды. Бейнеу аудандық көпсалалы ауруханасы дәрі-дәрмектердің жеткілікті қорымен қамтамасыз етіліп, қосымша 20 адамға орын дайындалады. Амбулаториялық ем алатын науқастарға қажетті бактерияға қарсы және симптоматикалық ем тағайындалды. Қазір осыған байланысты эпидемиялық шаралар жалғасып жатыр », — деп жазылған Маңғыстау облыстық Денсаулық сақтау басқармасыны баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Сонымен бірге, жаппай тамақтан улану дерегі бойынша Маңғыстау облысының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тергеу жүргізіп жатқанын мәлімдеді.

 

Өзбекстан халқының саны 40 млн адамға жуықтады

Өзбекстан Республикасының Статистика агенттігі халық санын жариялады.

1 қаңтардағы жағдай бойынша Өзбекстан халқының саны 36,8 миллион адам болды.

Агенттіктің мәліметіне қарағанда, қазір елде әйелдер саны – 18,3 млн, ерлер саны – 18,5 млн. Қала тұрғындары – 18,8 млн, ауыл тұрғындары – 18,0 млн адам.

Былтыр Өзбекстанға 218 800 адам көшіп барса, 233 200 адам елден көшіп кеткен. Соған қарамастан Орталық Азия ғана емес, ТМД кеңістігінде бала туу бойынша өзбек елі басқа мемлекеттерден әлдеқайда көш ілгері болып отыр.

 

Қазақстанда нашақорлар саны 150 мыңға жетті

Фото: Ашық дереккөзден

Бұл туралы прокурорлар республика өңірлерінде оқушылармен және студенттермен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды Qazaq.today Олар нақты көрсеткіш әлдеқайда жоғары және 150 мың адамға жетуі мүмкін екенін атап өтті. Дүниежүзілік статистикаға сәйкес, 10 нашақордың біреуі ғана оңалтудан сәтті өтеді екен.

Бүгінде Қазақстанның қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде есірткі қылмысы үшін төрт мыңнан астам адам жазасын өтеп жатыр. Оның көбі – жастар.