Tag Archives: Сәкен Майғазиев

Сәкен Майғазиевтің әйелі келінімен 1 қазанды қалай бөлісіп жүргенін айтты (ВИДЕО)

Фото: видеодан скрин

Қазақ эстардасының жарық жұлдызы Сәкен Майғазиевтің жары Динара Майғазиева әлеуметтік желіде келін болып түскен кезіндегі қызық оқиғасымен бөлісіп, көпшілікті күлдірді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Сәкен Майғазиевтің жары алғаш келін боп түскен кездегі қызықты естелігін айтып, оқырмандарды күлдірді. Айтуынша, ол кезде ас үйде тәжірибесі аз болған жас келін бір күні қызып тұрған майға ет салып жібергенде, майдың қатты атылған даусынан қонақтардың қолындағы кесе түсіп кеткен. Сол сәтте бәрі абдырап қалғанымен, кейін бұл оқиға отбасы арасында ең қызықты естеліктердің біріне айналған.

Сондай-ақ, ол келін алған соң, асханада жағаласып жүрмейін деп, тамақ жасағысы келгенде жазғы ас үйіне барып, дәмді тамақтар әзірлейтінін айтады.

«Келінмен жағаласып жүргенді құп көрмеймін, өзінің ойлағаны бар шығар, басқаша тағамдар әзірлегісі келетін болар, сол себепті, тамақты бөлек асханада әзірлегенді жөн көремін», дейді ол.

Көпшілік мұны құп көрсе, енді бірі келін алған соң тыныш отырмай ма деп пікір білдіруде.

@zhuldyzdaralemi #динарамайғазиева ♬ оригинальный звук — Әсерлі әңгіме

 

«Қойындаршы. Сендер ғаңа тамақ істеп, сеңдер ғаңа қонақ күтесіндер ме?», «Отырмай ма тып-тыныш шалының қасында жас келинге обалго не туда не сюда журеди», «Бір үйде екі ас бөлмесі болғаны да мақтаныш па?», деп жазды көпшілік.

 

«Жаңаөзеннің қызын сонша аздырып»: Сәкен Майғазиевтің құдағиы ренішін жеткізді

Фото: видеодан скрин

Желіде әнші Сәкен Майғазиевтің Маңғыстаудан келген құдағиын қарсы алған сәті түсірілген видео тарады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Бейнежазбада жаңа түскен жас келіннің ата-анасы алдынан шыққан сәті көрсетілген. Кадрларда келіннің анасы қызының жүдеу көрінісіне алаңдап:

 

«Ұстайтын жері қалмапты ғой…» — деп айтады.

 

Ал Сәкен Майғазиев бұл сөзге әзілмен:

 

«Салмақ қостыра алмай жүрміз…» — деп жауап береді.

 

Видео авторы да оқиғаның астарына әзіл қыстырып:

 

«Маңғыстаулық құдағи қарамайды. Сәкеннің баласысың ба, Мейрамбектің баласысың ба – айта салады,» — деп жазған.

 

Әлеуметтік желі қолданушылары бұл сәтке түрлі пікір қалдырды:

«Біздің Жаңаөзеннің қызын сонша аздырып…»,

«Жас қой, семіреді уақыт өте келе»,

«Атасының жауабы қандай орынды болған…» – деп жазды олар.

Сәкен Майғазиевтің жас келінінің қазіргі күйі жұртты алаңдатып қойды (ВИДЕО)

Фото: видеодан скрин

Танымал әнші Сәкен Майғазиевтің әйелі мен келінін жұрт кәдімгідей сынап тастады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Олар үйіне қонақ күтіп, құдалығын жасаған. Қонақ күтуге дайындық барысынан видео жүктеген Динара Майғазиева мен келінін жұрт қызу талқылап жатыр.

 

«Келіні қатты жүдеп кетіпті», «жүдемей қайтсін, анандай үйде күнде қонақ күтсе», «жүдемей қайтсін, токсикоз болса», «Сәкеннің әйелі күліп жүргенімен түсі суық», «Жүкті сияқты» дескен оқырман жас келінге аяушылық білдіруде.

 

Тіпті оқырмандар келіннің аяғы ауыр екенін де болжап үлгерген.

@sticker_lab1♬ оригинальный звук — cat story

«Кешірім сұраймын»: Сәкен Майғазиевке ауыр сөз айтқан композитор қателігін мойындады (ВИДЕО)

Фото: ocsnt.kz

Белгілі композитор Арысбек Бағдәулетұлы әлеуметтік желіде видео жариялап, әнші Сәкен Майғазиевтен кешірім сұрады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Оның айтуынша, біраз уақыт бұрын Майғазиевке жазған әнінің тағдырын білу үшін бірнеше рет хабарласқан. Алайда жауап ала алмаған соң қызбаланып, ауыр сөздер айтып қойғанын мойындады.

«Сәкен ағаға бір ән бердім. Біраз уақыттан кейін не болды екен деп ватсабына он шақты рет жаздым. Оқиды да, жауап бермейді. Содан қызбаланып, ауырлау сөз айтып қойдым. Бірақ Сәкен аға сабырлық танытып, биігінен түспеді», – деді композитор.

Арысбек Бағдәулетұлы артық кеткенін түсініп, көпшілік алдында кешірім сұрады:

«Аға, егер видеомды көріп отырсаңыз, сізден кешірім сұраймын. Арыстайыңыздан сізге бір ән болады».

Ал Сәкен Майғазиев болса, ренішін білдірмей, інісінің әрекетін жылы қабылдап, смайликпен жауап қайырған.

«Әлі де бабында»: 50 жастағы Сәкен Майғазиев ширақ қимылымен елді тәнті етті (ВИДЕО)

Қазақ эстрадасының сал серісі Сәкен Майғазиев тағы да елді тәнті етті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

50 жастан асса да, әншінің спорттағы белсенділігі жас жігіттерден еш қалыспайды.

Әлеуметтік желіде жарияланған видеода Майғазиевтің жүгіріп, секіріп, түрлі жаттығуларды еркін орындап жүргені байқалады. Көрген жұрт таңданысын жасыра алмай:

“Мынандай күш жастарда да жоқ қой”, “Қартаймайды осы кісі”, “Жас жігіттей ширақ”, “Баян ханыммен бір сорт екен” – деп пікір қалдырды.

Көпшілік Сәкеннің тек сахнада ғана емес, спортта да мықтылығын атап, “шын мәнінде нағыз үлгі” деп бағалап жатыр.