
Онлайн тойдан табыс тапқан Сәкен Майғазиев қанша салық төлейді?
Фото: Instagram @ann_2905 Қаржы министрі Мәди Такиев әнші Сәкен Майғазиевтің ұлының тойына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. Тілші министрден «Сәкен Майғазиевтің ұлының тойы тікелей трансляцияда көрсетілді. Мұндай жағдайда салықтық міндеттемелер туындайтыны белгілі. Дәл осы кейс бойынша салық төлеу қалай реттеледі? Қанша салық төлеуі тиіс?» деп сұрады. «2025 жыл аяқталған соң, 2026…