Tag Archives: ресми

Мәжіліс төрағасы Ресей Федерациясына ресми сапармен барды

Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов Ресей Федерациясына ресми сапармен барды.

Сапар аясында 4-5 наурыз күндері Мәскеу және Қазан қалаларына баруы жоспарланған. Мәскеуде Ресей Федерациясы Федералдық жиналысы Мемлекеттік Думасының төрағасы Вячеслав Володинмен және Ресей Федерациясы Федералдық жиналысы Федерация Кеңесінің төрағасы Валентина Матвиенкомен екіжақты кездесулер өтеді.

Қазанда Мәжіліс төрағасы Татарстан Республикасының басшысы Рустам Миннихановпен және Татарстан Республикасы Мемлекеттік Кеңесінің төрағасы Фарид Мухаметшинмен кездеседі.

Тараптар парламентаралық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі жоспарлар, сондай-ақ өңіраралық экономикалық ынтымақтастық пен өзара мәдени-білім беру мәселелерін талқылайды.

 

Мәжіліс төрағасы ресми сапармен Ресейге барады – СІМ

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов ресми сапармен Ресейге барады. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты.

«2024 жылғы 3-4 наурыз аралығында Қазақстан Парламенті  Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов Ресей Федерациясына атап айтқанда, Мәскеу мен Қазан қалаларына ресми сапармен барады деп жоспарланып отыр», — деді ресми өкіл СІМ-де өткен баспасөз мәслихатында.

СІМ өкілінің айтуынша, Ерлан Қошановтың ресми сапары аясында бірқатар кездесу жоспарланған.

«Сапар барасында ол Мәскеуде Ресей мемлекеттік думасының төрағасы Вячеслав Володинмен, Ресейдің Федералдық жиналысы Федерация кеңесінің төрағасы Валентина Матвиенкомен екіжақты келіссөздер, сондай-ақ Қазан қаласында Татарстан президенті Рустам Миннихановпен және Татарстан мемлекеттік кеңесінің төрағасы Фарид Мухаметшинмен екіжақты көліссөздер жоспарланған», — деді ол.

 

Абат Айымбетов ресми түрде Түркияның клубына ауысты

Қазақстандық футболшы Абат Айымбетов түркиялық «Адана Демирспор» клубына ауысты. Бұл туралы түркиялық клуб әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады. 

Абат Айымбетов Адана Демирспор командасымен 1,5+1 нұсқасы бойынша келісімшарт жасасты.

Яғни Абат Түркияның командасында кемінде 1,5 жыл доп тебеді. Егер шабуылшының нәтижелері клуб басшылығының көңілінен шықса, келісімшартты тағы бір жылға созады.

Айта кетейік, Адана Демирспор» 2021/22 жылғы маусымнан бері Түркия суперлигасында ойын көрсетіп келеді. Түркия суперлигасының 23-турынан кейін команда 31 ұпаймен сегізінші орында келеді.

Дереккөз: halyq-uni.kz

Ресей СІМ ресми өкілі Мария Захарова Тина Канделаки мен Қазақстан арасындағы дауға пікір білдірді

Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова отандасы Тина Канделакидің мәлімдемесінен кейін туындаған тіл дауына пікір білдірді, – деп хабарлайды inform.kz.

Бұған Тина Канделаки жауап қатып, Айбек Смадияровты Мәскеуге шақырды.

«Менің отанымның жүрегі Мәскеуден бастаған жөн шығар. Ондағы Чистопрудный бульварында Абай Құнанбаевтың ескерткіші тұр. Сізге де, басқа барша қазақтар сияқты ол жай Абай ретінде ғана белгілі. Ал бізге ол бізге орыс тілі мен әдебиетін әлем жауһарының кілті деп атаған адам ретінде танымал», – деп жазады журналист.

Ресей Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова да бұл дауға үн қосты.

«Тинаны да, Айбекті де жақсы білемін. Ондай кездесу болса, өте қызық, өзара сыйластыққа толы пікірталас болатынына сенімдімін. Ал жалпы бәрімізге мазмұны бай ортақ тарихымыздың үздік тұстарын сақтау бағытында жұмыс істеу керек. Бұл істі әдеппен, сәйкесінше атқару керек», – дейді Мария Захарова.

 

Тина Канделаки Қазақстанға кіре алмайды – ҚР СІМ ресми өкілі

Коллаж: ulysmedia.kz.

“Мемлекет ондайды кешірмейді”

Ulysmedia.kz тілшісі СІМ ресми өкілінен не себепті әлі күнге дейін Тина Канделакидің сөзіне назар аудармай, жауап бермей отырғанын сұраған.

– Қоғам өзі енді жауап берді ғой. Бір апта қызу талқыланды. Оған не қосайын енді? Өз есесін алды ғой. Ең өкініштісі, солай айта беретін шетел азаматына жауап бере берсек, онда өзіміздің қанша ішкі мәселесі қалып қалады. Соған көңіл бөлейік. Сырттан біреу ананы айтты, мынаны айтты деп назар аудара берсек, уақытымыз да жетпейді. Екінші өкінішті мәселе, көрші елдегі азаматтар біздің елден білмейтіні адамды кішкене өкпелетеді. Өйткені біз туралы ақпарат дұрыс емес. Біздің елге, қалай өмір сүріп жатқанымызды келіп көрсін. Ойдан шығарып жаза бергеннен енді, әлеуметтік желіде қырылысқанша өзіміздің жұмысты ары қарай жалғастырайық, – дейді Айбек Смадияров.

Бұған дейін шетелдің Қазақстанға қарсы айтқан адамдарын арнайы тізімге енгізілетіні хабарланған еді. Тина Канделаи бұған кіре ме деп сұралды Айбек Смадияровтан.

 

– Тізімді қайта-қайта сұрай бересіздер. Бір-екі-үш деген ондай тізім жоқ. Ол әр мемлекеттің өзінің ішкі шарасы. Егер сізге біреу ұнамаса, үйңізге кіргізбейсіз ғой. Біз де сол. Керек кезже шара қабылданады. Бүгін кіргізесіздер ме, ертең кіргізесіздер ме деп талап етпеңіздер. Мемлекет ондайды ешқашан кешірмейді. Ол Қазақстанға келе қоймас, – дейді ол.

 

“Келген жағдайда кіре ме?” деген сұраққа Айбек Смадияров “келген жағдайда кірмейді” деп жауап берді.

Әңгіме қайдан шықты

Ресейдегі белгілі тележурналист Тина Канделаки Қазақстан орыс тілін баяу болса да жою жұмыстарын жүргізіп жатқанын жазып, дабыл қаққан. Оның бұл жазбасына елдегі теміржол бекеттерінің атауының өзгеруі себеп болған.

Көлік министрлігі кейбір темір жол станцияларын (Нұр-Сұлтан-Астанаға, Нұр-Сұлтан — Нұрлы жолды – Нұрлы жол, Косшокуды – Қосшоқыға, Сай-Утесті – Сайөтеске;, Өзенді Жаңаөзенге, Оралды Оралға, Құмшағылды Құмшағалға) қайта атау туралы Үкімет қаулысының жобасын жариялаған.

Ресейлік тележүргізуші Тина Канделаки өзінің Telegram – каналында Қазақстан осылайша орыс тілін мемлекеттік деңгейде ығыстырып жатқанын көрсетіп, «тарихтағы өз орнын қолдау сылтауымен өте алысқа баруға болатыны түсінікті, әсіресе осындай күмәнді шешімдерді ілгерілету үшін тарихты жасыру ыңғайлы» деп жазған.

Қазақстанның танымал журналисі Динара Сәтжан Канделакиге әлеуметтік желі арқылы жауап беріп, біздің еліміздегі қазақ тілі мемлекеттік тіл екенін атап өткен. Қай теміржол станциясын қалай атауға болатынын өзіміз шешейік. Т/Ж станциялары атауын өзгерткен жоқ, бұл олардың қазақ тіліндегі дұрыс аумақтық атаулары» дейді ол.

Қазақстанның депутаттары осы шу жөнінде пікірін білдірді.

Арман Шораевтың пікірі

Публицист Арман Шораев болса жалпы Ресей тарапынан Қазақстанға жасалған ақпарат шабуылдарын өзінше бағалайды Егер Ресейде есі ауысқандар Қазақстанның солтүстігінде арнайы әскери операция өткіземіз десе, федерацияның көрер күні санаулыға айналады. Ол аз десеңіз, Қазақстандағы орыс этносының 2,5 млн адамының тағдыры ала-дүлей болары анық, себебі мұсылман еліне жасалған шабуылды ислам әлемі кезекті крестшілер жорығы ретінде қабылдайтыны анық дейді ол.

Дереккөз: ulysmedia.kz