Tag Archives: Ресей

700-ден астам қазақстандық Ресей түрмелерінде отыр

Фото: Shutterstock nuotr

Қазіргі уақытта Қазақстанның 958 азаматы шетелде жазасын өтеп жатыр. Бұл туралы Бас Прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев Сенаттың жалпы отырысында айтты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

«Шетелде жазасын өтеп жүрген азаматтардың өз елінде жазасын өтеуге бас тартуын қалай түсінуге болады?», – деп сұрады сенатор Арман Өтеғұлов.

Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиевтің сөзінше, сотталған адамды елге әкелу үшін оның жеке келісімі қажет.

«Келісім болмаған жағдайда біз оны осында әкеле алмаймыз. Ондай мысалдар бізде бар. Қазіргі уақытта Қазақстанның 958 азаматы шетелде жазасын өтеп жатыр. Олардың 700-ден астамы Ресей Федерациясында. Арасында Қазақстанда қалған жазасын өтеуге келгісі келмейтіндер бар. Себебі олардың сол жақта туған-туыстары мен отбасы бар. Олар сол жақта жазасын өтегісі келеді. Ал негізінен біздің азаматтардың шетелде құқықтарын қорғау мәселесі «Консулдық қызмет туралы» Вена конвенциясына және дипломатиялық қызмет туралы заңға сәйкес дипломаттарымызға жүктелген», – деді Ғалымжан Қойгелдиев.

«Әскери нысандар алдымен атқыланады»: АҚШ-тың аса қауіпті зымырандары Ресейді қалай талқандамақ

Коллаж: Ulysmedia

Американың Путин билігіне қысым жасауы жаңа деңгейде жүріп жатыр. АҚШ пен НАТО басшылары Украинаға
«Tomahawk» зымырандарын беру жайлы сөз қозғауы әлем саясаткерлерінің қызу талқысына түсіп жатыр. Бірі Украина осы арқылы жауларын жеңеді десе, енді бірі бұл қақтығысты ушықтырады деп санайды. Зымыран Еуразия кеңістігін атқыласа, ол Украинаға расымен жеңіс әкеле ме? Әбден ашулы Украина әскері Мәскеуді ғана Американың зымырандармен соққының астына ала ма? Алыс қашықтыққа ұшатын жойғыш зымырандар Қазақстанға қагшалықты жақын жарылуы мүмкін? Саяси шиеленістің жаңа деңгейіне Qazaq Today агенттігі жауап іздеп көрді.

Сананы тұмшалар саяси сұрақтаоеа сарапшылар пікір білдірді.«Tomahawk» зымырандарын АҚШ өздерінің жақтасы Украинаға беру туралы нақты шешім қабылдаған жоқ.

«АҚШ шешімді қабылдау стадиясында және АҚШ билігі ол қаруды бергеннің өзінде Украина Мәскеуге соққы жасамайды. Себебі, бұл қақтығысты ушықтырады да, қос тараптың қақтығысын күшейтеді. Одан бөлек америка қаруды бергеннің өзінде, оның қолдану аясына қосымша нұсқау береді. Яғни, мына зымырандарды бергеннің өзінде Украинаға атқылауға болатын және атқылауға болмайтын нысандарды нақты көрсетеді. Атуға болмайтын нысандардың ішінде Мәскеудің болатыны анық. Себебі, АҚШ бұл қару соғысты реттеуге емес, керісінше жағдайды ушықтыруы ықтимал деп санайды. Сол себепті, алыс қашықтыққа соққы жасайтын зымырандарға батыс тарапынан тиым салынады», — деді саясаттанушы Асхат Қасенғали.

Оның сыртында бұл зымыранды Украина өз бетінше қолдана алмайды, сөзсіз жеткізуші тераптың техникалық қолдауы да керек. Әрі аса сақ батыстық барлаушылар мен нұсқаушылардың бақылауында болады. Қазіргі уақытта «Tomahawk» зымырандары кемелер мен сүңгуір қайықтар арқылы тасымалданады.

«Бірақ Украинаға құрлық үсті арқылы атқыланатын типтері берілуі ықтимал. Оның саны америкада төрт мыңға жуық, ал АҚШ оның аз мөлшерін бергенмен, бұл қару майдан даласының толық өзгеруіне бетбұрыс жасауы екіталай. Алайда, Ресей аумағында орналасқан әскери өндіріс кешендерін соққылауға жеткілікті болуы мүмкін. Соның ішінде Татарстанда орналасқан «Шаһид» дрондарын құрастырушы экономикалық аймаққа соққы жасалалы. Бұл Украина үшін маңызды нысанның бірі саналады. Аталған дрондар Украина әуе қорғаныс жүйесіне өте үлкен салмақ салуда. Қарудың санына байланысты Украина мұнай тасымалдаушы Ресейдің порттарына, әскери өндіріс кешендеріне шабуыл жасай бастауы ықтимал. Дегенмен Америка соғыс даласында толық өзгеріс жасайтындай зымыран қаруларын бермейді. Бұл тек Ресейді келіссөзге отырғызуға қарастырылған әдістің бірі деп санау керек. Украина алыс қашықтыққа соққы жасайтын қаруларын жасауға өздері де мүдделі», — деді саясаткер.

Бұл жағдайға алдымен әдеттегідей Лукашенко байбалам салып, Украинаға АҚШ-тың қару беруіне шүйліккен еді.
Беларусь президенті Александр Лукашенко Украинаға америкалық «Tomahawk» зымырандарын беру мәселесіне қатысты қатқыл мәлімдеме жасап үлгерді. Путиншіл
президент мұндай қадамның әлемдік деңгейдегі ядролық қақтығысқа себеп болуы мүмкін екенін айтты.

«Ешқандай да Tomahawk-ты беруге болмайды. Бұл жағдайды ушықтырып, арты ядролық соғысқа ұласады. Мұны Дональд Трамп жақсы түсінеді деп ойлаймын. Ал Зеленский оны алып Ресейдің аумағын атқыламақ», — деді Лукашенко.

Егер зымыран беріле қалғанның өзінде оның жеткізілуі мен қолдану уақыты жуық арада іске аса қоймайды. Украина тақырыбын жиі талқылаушы тағы бір саясаткердің сөзінше, Американың мәлімдемесі Ресей президенті Владимир Путиннің туған күніне «тарту» болды. Ол жуырда 73-ке толды.

«Ресей билігін экс-президент Борис Ельциннен мұраға алған Путин (1999 жыл) содан бері тізгінді ешкімге берген жоқ. 2008-2012 жылдар аралығында президенттік креслоны досы Дмитрий Медведевке уақытша тапсырғанымен, іс жүзінде билікті уысынан шығарған жоқ. Өзі Ресей Үкіметін тізгіндеді. Путин-Медведев тандемі кезінде жаһандық саясатқа «премьерзидент» деген бейресми термин сол кезде енген.

Дәл кеше АҚШ президенті Трамптың «Tomahawk» зымырандарын Украинаға беру туралы сөз қозғауы – Путиннің туған күніне керемет сыйлық болды», — деді Нұргелді Әбдіғани.

Трамп Украинаға «Tomahawk» зымыранын беру туралы шешім алдында тұрғанын. Алдымен ол зымыранды қолдану бойынша Украинаға қоятын сұрақтары бар екенін, қақтығысты ушықтырғысы келмейтінін айтты. Ал ISW (Соғысты зерттеу иниституты — ред) Украинаға «Tomahawk» берілетін болса, Ресейдің 2 мың нысанына қатер төнетінін санап үлгерген еді. Бұл жағдай жер жаһанды тағы да қанға бөктіреді.

«ISW сарапшылары «Tomahawk» зымыранының жою радиусына Ресейдегі 2 мыңға жуық әскери-өндірістік нысан кіретінін, соның ішінде «Шаһед» соққылаушы дрондарын жасап шығаратын Алабұғадағы (Татарстан) зауыт пен Энгельстегі бомбалаушы ұшақтар тұрған стратегиялық әуе базасы да кіретінін айтады.

«Tomahawk» зымыранының 1600 шақырымға жететін нұсқасы – Ресейдегі 1655 нысанға қауіп төндіреді. Ал 2500 шақырымға жететін түрі – Ресейдегі 1945 әскери өндірістік нысанға шекелей қауіп төндіреді», — деді ол.

Зымыран беріле қалған жағдайда, оның жарылу радиусы Татарстан аумағы болмақ. Ал ол қазақ елінен алыс емес. Дегенмен бұндай болжамның іске асуы неғайбыл.

Держава деңгейіндегі Америка қандай қарудың түрін берсе де текетірес тоқтмайды, соғыс созыла береді. Батыс қанша қару жібергенмен әскери қару—жарақ қоры мен солдаты көп Путин билігі құрбандардың көбейгеніне қарамастан соғыстан бас тартпайды. Соғысты тоқтату тек бейбіт келісімге келумен ғана іске аспақ.

Тигран Кеосаян 59 жасында өмірден өтті

Фото: zerkalo.az,

Ресейлік режиссёр әрі тележүргізуші Тигран Кеосаян өмірден өтті. Бұл туралы әлеуметтік желілерде оның жары Маргарита Симоньян хабарлады, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы.

«Бүгін түнде Тигран Жаратушыға жол тартты», – деп жазды Симоньян өзінің Telegram-арнасында.

Тигран Кеосаян – RT телеарнасының, «Россия сегодня» халықаралық ақпарат агенттігінің және Sputnik ақпарат агенттігінің бас редакторы Маргарита Симоньянның жұбайы еді.

Кеосаян 59 жасында дүниеден өтті. 2025 жылдың қаңтарында ол клиникалық өлімді бастан өткеріп, комаға түскен болатын.

Ресей алдағы үш жылда да әскери шығындарға көп қаражат жұмсамақ

Фото: Pixabay

Ресей үкіметі 2026-2028 жылдарға арналған бюджет жобасын бекітті. тағы да әскери шығындарға басымдық беріліп отыр. Келесі жылы әскерге, полицияға және арнайы қызметтерге барлық қаражаттың 38 пайызы бағытталады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы DW агенттігіне сілтеме жасап.

Жоба бойынша қорғанысқа 12,6 триллион рубль бөлінеді, ал ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге тағы 4,1 триллион рубль жұмсалады. Бұл жалпы ішкі өнімнің 7,1 пайызына тең. 2025 жылы үкімет соғыс пен қауіпсіздікке шамамен 17 триллион рубль, яғни ІЖӨ-нің 8 пайызын жұмсауды жоспарлаған, алайда нақты шығындар одан да көп болған.

Reuters агенттігінің жазуынша, 2026 жылы «Ұлттық қорғаныс» тармағына бөлінетін қаражат 2025 жылға қарағанда бір триллион рубльге азайтылған. Сонымен бірге, полиция, Росгвардия және арнайы қызметтер қаржыландырылатын «Ұлттық қауіпсіздік және құқық қорғау қызметі» тармағына бөлінетін шығындар 2026 жылы 2025 жылға қарағанда жарты триллион рубльге көбейеді.

Жаңа шығындарды ақшамен қамту үшін үшін Қаржы министрлігі қосылған құн салығын 20%-дан 22%-ға арттыруды ұсынып отыр. Ведомство осылайша үш жыл ішінде бюджетке 4,4 триллион рубль кіріс әкелуді көздеп отыр.

«Жоспарланған қаражат қарулы күштерді техникамен және қарумен қамтамасыз етуге, әскери қызметкерлерге жалақы төлеуге, олардың отбасыларын қолдауға және қорғаныс өнеркәсібін жаңғыртуға көмектеседі», – деді Қаржы министрі Антон Силуанов.

Басылымның жазуынша, соғыс салдарынан Ресей бюджеті қиындыққа тап болып отыр.

КХДР күзеті Ким Чен Ын мен Путин кездесуінен соң оның ізі қалған барлық жерді өшірген

Фото: KREMLIN.ru

Жақында Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын мен Ресей президенті Владимир Путин кездесті.  КХДР қауіпсіздік қызметкерлері Ким Чен Ын тиген барлық затты сүртіп, оның су ішкен стақанын да қоса алып кеткен, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы Deutsche Welle басылымына сілтеме жасап.

Reuters жазуынша, Солтүстік Корея осылайша шетел тыңшылығына қарсы қауіпсіздік шарасын қабылдаған.

Ресей тілшісі Александр Юнашев Telegram-арнасында Ким Чен Ын кеткен соң оның күзетшілері бөлмені қалай тазалап жатқаны бейнеленген видео жариялады. Олар барлық затты мұқият сүртіп, бөлмеде ешбір із қалдырмаған.

КХДР басшысы Бейжіңге өзінің арнайы пойызымен барды. Ол бұл сапарға өзінің жеке жылжымалы дәретханасын да алған. Жапонияның Nikkei басылымы бұл Ким Чен Ынның денсаулығына қатысты деректер жария болып кетпес үшін жасалады деп отыр. Себебі адамның биологиялық үлгілері арқылы оның жағдайы туралы білуге болады.

Жалпы алғанда, Солтүстік Корея басшысының қауіпсіздік қызметі  Ким Чен Ын қолданатын заттарға дезинфекция жасайды.

Осыған ұқсас жағдайлар бұған дейін де болған. 2018 жылы Оңтүстік Кореяның президенті Мун Чжэ Инмен кездесу кезінде Ким Чен Ын келгенге дейін оның орындығы мен үстелі антисептикпен өңделген. 2023 жылы да Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуде Ким Чен Ын отыратын орындық металл іздегішпен тексерілген.