Тоқаев Ресей Үкіметі Төрағасының бірінші орынбасарын қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының бірінші орынбасары Денис Мантуровты қабылдады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. Кездесуде Қазақстан Президентінің Мәскеуге жасайтын мемлекеттік сапары аясында қаралатын көпжоспарлы ынтымақтастықтың басты бағыттары талқыланды. Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы сапарға ерекше мән беріп отырғанын және келіссөздердің табысты өтетініне сенімді екенін жеткізді. Мемлекет басшысы екі ел үкіметтерінің белсенді әрі үйлесімді жұмысының…
