Шешенстан президенті Рамзан Қадыров тағы бір туысын мәдениет министрі қызметіне тағайындады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
2024 жылдың мамыр айында Ибрагимов Шешенстан Үкіметі мен әкімшілік басшысының орынбасары болды.
Жаңа тағайындау туралы «Грозный-информ» мемлекеттік ақпараттық агенттігі хабарлаған.
Иса Ибрагимов Шешенстанның жастар іші жөніндегі министрі болған. Артынша дене шынықтыру және спорт министрі болды.
Айта кетейік, 2021 жылға дейін мәдениет министрлігін Қадыровтың үлкен қызы Айшат Қадырова басқарған. Айшат вице-премьер болып тағайындалып, министр қызметінен кетті.
Фото: РФ Президенті жанындағы Шешен Республикасының Тұрақты Өкілдігі
Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтың ұлы, 16 жасар Адам, жаңа лауазымға ие болды. Ол Владимир Путин атындағы Ресей арнайы күштерінің (РУС) кураторы болды, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат агенттігі.
Тағайындау туралы Қадыровтың өзі жеке Telegram-арнасында хабарлады. Саяси қайраткер ұлының міндеттерін өте жақсы орындайтынына сенімді, деп жазады Zakon.kz.
Сондай-ақ, бұл шешім РУС басшысы Байбетар Вайхановтың өтініші бойынша қабылданғанын айтты.
«Адам Қадыров атақты университеттің қызметімен тығыз таныс. Ол жүктелген міндеттерді өте жақсы орындайды деген сенімдемін», деді Рамзан Қадыров.
Айта кету керек, бұл Адам Қадыровтың алғашқы лауазымы емес. 16 жасар Қадыров Шешенстанның батыры, әкесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлімінің бастығы және Шейх Мансур атындағы батальонның кураторы қызметінде.