Tag Archives: Қызылорда

Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда облысының әлеуметтік- экономикалық дамуы жөнінде есеп берді

Фото: Ақорда

Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев соңғы 4 жылда өңір экономикасына тартылған инвестиция көлемінің 233 пайызға артқанын жеткізді.

Мемлекет басшысына Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы, инвестициялық жобаларды жүзеге асыру барысы, «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында атқарылған жұмыстар, сондай-ақ облыс орталығы мен елді мекендерді абаттандыру жөнінде мәлімет берілді.

Биыл 720 миллиард теңгеден астам қаржы тарту жоспарланған, оның ішінде жеке инвестицияның үлесі 70 пайызды құрайды.

Экономиканы әртараптандыру мақсатында алдағы үш жылда аймақта құны 2 триллион теңгеге жуықтайтын 90 инвестициялық жоба жүзеге асырылмақ. Бұл 11 мыңнан аса жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Биыл жалпы құны 302 миллиард 500 миллион теңге болатын 27 нысанды іске қосу жоспарланған. Бүгінде оның тоғызы пайдалануға берілді.

Мемлекет басшысы облыстың қарқынды дамып келе жатқанын айтып, атқарылған жұмыстарға оң бағасын берді.

Қызылордада көпқабатты үйлер жылусыз қалды: қарттар мен балалар тоңып отыр

Фото: Видеодан алынған кадр

Қызылордалық тұрғындар тағы да жылу маусымына дайындықтың салдарын тартып отыр. Әлеуметтік желіде Муратбаева көшесі 15А және көршілес бірнеше аула тұрғындары әкімдік пен коммуналдық қызметті сынға алды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Олардың айтуынша, аулалар шілдеден бері қазылып, қайта ашық күйінде қалған. Ал жұмысшылардың сөзіне сенсек, жылу қарашаның соңына қарай ғана беріледі.

— «Біздің үйде көп зейнеткер, мүгедек және бала бар. Суықтан бәріміз жаурап отырмыз, балалар жиі ауырып қалды. Әр бөлмеде жылытқыш қосып отырмыз. Неге мұндай жөндеу жұмыстары жазда жасалмайды? Неге бәрін соңғы сәтке қалдырады?» — дейді тұрғындар.

Айтуларынша, қазылған аумақтар мектеп пен балабақшаға баратын жолды да жауып тастаған. Балалар мен ата-аналар батпақ кешіп, мектепке жету қиынға соғып отыр.

Тұрғындар әкімдіктен тек жылуды ертерек қосуды емес, жұмыс аяқталған соң ауладағы қоқысты тазартуды да талап етуде.
— «Қазып кетеді де, артында қоқыс пен батпақ қалдырады. Үйдің жертөлесіне дейін кіріп, бәрін бүлдіріп кетті. Енді суық үйде тоңып отырмыз», — дейді ашынған тұрғындар.

«Бөлке нанның ішіне жасырған»: Қызылордалық тұрғынның қылмысы әшкере болды

Фото: polisia.kz

Түрмеде отырған азаматқа әкелінген тамақтарды тексеру барысында ұялы телефон тәркіленді. Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №60 мекемесінде жазасын өтеушіге танысы салем-сауқат әкелген, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы.

Сәлемдемені жеткізуші бөлке нанның ортасына ұялы телефон мен қуаттағышты жасырып өткізбек болған. Қызылорда қалалық полиция басқармасының қызметкерлері шақыртылып ұялы телефон тәркіленді.

Қызметкерлердің қырағылығының нәтижесінде тыйым салынған затты кіргізу әрекетінің жолы кесілді.

Телефонды мекеме аумағына енгізуге әрекеттенген азаматқа қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 481-бабының 1-бөлігімен құжаттар сотқа дайындалып жатыр.

Қызылордада мүмкіндігі шектеулі балаға жәбір көрсетті деген күдікті ұсталды

Фото: Pixabay
Қызылордада мүмкіндігі шектеулі балаға жәбір көрсетті деген күдікті ұсталды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Полиция бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғаған.

«Күдікті ретінде кәмелетке толмаған жасөспірім ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазір тергеу жүргізіліп жатыр», – деді полиция.

Қызылорда облыстық Полиция департаментінің бастығы қылмыстық істің тергелу барысын ерекше бақылауға алған.

Қызылорда халқы қара су ішіп отыр: әкімдік жыл бойы мәселені шеше алмай келеді

Фото: видеодан скрин

Қызылордадағы Сол жағалауда бір жылдан бері қара лай су ағуда. Тұрғындардың айтуынша, оны ішу түгілі, әжетханада пайдаланудың өзі мүмкін емес. Алайда, коммуналдық төлемді әкімдік толық төлетіп отыр, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

«Краннан қара батпақтай су ағады. Ішуге де, кір жууға да, тіпті әжетханаға да жарамайды. Ал біз ай сайын ақша төлейміз», – дейді ашынған тұрғындардың бірі.

«Әр күні дүкеннен су сатып аламыз. Балаларымыздың денсаулығына алаңдап отырмыз. Бұл мәселе бір күндік емес, бір жылдан асты. Әкімдікке талай арыз жаздық, бірақ нәтиже жоқ», – деп шағымданды тағы бір тұрғын.

Су жүйесіне жауаптылар мен әкімдік бір-біріне сілтеп, уақыт созумен әлек. Ал халық қара суды көріп, ашумен күн кешуде.

«Әкімдік бізді естімесе, бізді кім қорғайды? Халықтың денсаулығын елемеген басшылыққа қалай сенеміз?» – дейді тұрғындар.