
«Министрліктің оған батылы да, шамасы да жетпейді»: СҚО-да ауыл балалары әлі күнге дейін Қызыл Әскер мектебінде оқып жүр
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy / Әбілқасым Есентаев Әлеуметтік желіні ақтарып отырып ескінің сарқынынан арыла алмай отырған ауыл мектебінің атауына көзіміз түсті, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы Azattyq Rýhy cайтына сілтеме жасап. Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданына қарасты Құмтөккен ауылында Қызыл Әскер орта мектебі жұмыс істейді. Ауылдың атауы он алты жыл бұрын өзгерсе де, білім ошағы ескі…