Tag Archives: Қуат Хамитов

Қуат Хамит бағдарламада ұятқа қалды (ВИДЕО)

Фото: видеодан скрин

Белгілі спортшы Қуат Хамит септік жалғаудың не екенін білмей ұятқа қалды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Ол “Жұлдызбысың” бағдарламасына қатысып, септік жалғаудың не екенін білмейтінін байқатты.

 

”Септік деген не ол” деп танымал спортшы жауап бере алмады.

 

Желі оқырмандары “Футбол жамандау оңай ғой”, “масқара, ұят қылған екен”, “мынауың септікті білмегені ме” деп оны қатаң сынға алды.

«Осы бейбіт күніміздің қадірін білейік»: Қуат Хамитов елді Республика күнімен құттықтап, ән шырқады (ВИДЕО)

Фото: видео скриншот

Қазақстандық атышулы файтер Қуат Хамитов (26-8-2) Дубайда өткен ACA 194 турнирінде ресейлік қарсыласын жеңіп, барша қазақстандықтарды Республика күнімен құттықтады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

«Бәріңізді Республика күнімен құттықтаймын! 10 жыл қазақша ән шырқаған болатынмын. Біз бұл бейбіт күнге оңайлықпен келген жоқпыз. Осы бейбіт күніміздің қадірін білейік. Елімізде елін, жерін сүйетін патриоттар көбейсін! Осы жеңісімді барша қазақстандық патриоттарға арнаймын», деп спортшы қазақша ән шырқады.

37 жастағы қазақстандық спортшы бұл жолы 26 жастағы Анатолий Бойкомен (12-4) октагогға шыққан болатын. Жартылай орта салмақтағы жекпе-жек үш раундқа жоспарланды және соңына дейін өтті. Нәтижесінде төрешілер жеңісті бір ауыздан Қуат Хамитовке берді. Ал, кездесу алдында сарапшылар ресейліктің жеңеді деген болжам айтқан болатын.

Осылайша, Хамитов кәсіпқой мансабындағы 27-ші жеңісіне қол жеткізді. Ал, Бойко болса төртінші рет жеңіліп отыр.

Қуат Хамитов Дубайдағы турнирде сенсация жасады (ВИДЕО)

Фото: instagram.com/kuat__khamitov/

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов (26-9-1) Дубай қаласында ACA лигасындағы дебютін жасап, ресейлік Анатолий Бойконы (10-5) сенімді түрде жеңді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Хамитов ресейлік Анатолий Бойкомен (12-4) жекпе-жек өткізді. Бұл жартылай орта салмақтағы жекпе-жек үш раундқа жоспарланған болатын, қазақстандық спортшы төрешілердің бірауыздан шешіммен сенсациялық жеңіске жетті.

Айта кетері, Бойко бұл жекпе-жекте айқын фаворит болып саналды. Осылайша, Қуат Хамитов өзінің кәсіби карьерасындағы 27-ші жеңісіне қол жеткізді, ал Бойко төртінші рет жеңіліске ұшырады.

Хамитов өзінің соңғы MMA жекпе-жегін 2024 жылдың мамыр айында өткізді, ол кезде аңызға айналған ресейлік Александр Шлеменкодан (68-17-1) төрешілер шешімімен жеңілді.

Жекпе-жек алдында Қуат Хамитовтің салмағы лимиттен асып кеткені анықталды

Фото: instagram.com/kuat__khamitov

Белгілі файтер Қуат Хамитов («Найман») беделді ACA лигасындағы дебютіне бір күн қалғанда салмақ өлшеу рәсімінде лимиттен асып кеткен, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Спортшының салмағы 78,2 келі болып тіркелген — бұл орта салмақ санатындағы рұқсат етілген межеден 100 грамм артық. Айта кетейік, 23 қазанда Хамитов Дубайда өтетін ACA 194 турнирінде алғаш рет өнер көрсетеді.

Оның қарсыласы — ресейлік файтер Анатолий Бойко.

Бұл кездесу қазақстандық спортшының ұзақ үзілістен кейінгі маңызды камбэгі болмақ.

Қуат Хамитов қазақстандық футболшыларды тағы да сынның астына алды (ВИДЕО)

Фото: instagram/kuat_khamitov

Танымал ММА жауынгері Қуат Хамитов Namys Fighting YouTube арнасына берген сұхбатында Қазақстан футболының қазіргі жағдайына және ұлттық құраманың болашағына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы 1bol.kz cілтеме жасап. 

Спортшының айтуынша, қазақстандық футболда жүйелі дағдарыс бар, ал елде «жас буын өсіп келеді» деген әңгіме – бос үміт қана.

 

«Қайтадан жеңілді. Кеше маған біреулер айтып жатыр: «Қуат, сен қателесесің, жастар өсіп келеді, бәрі алда». Қайдағы жастар? Олар Андорра ма, Лихтенштейн бе, аты-жөнін де білмеймін, сондай елдерден жеңілді. Ал ол командалар алты жыл бойы жеңіске жетпеген! Кеше біздің «Қайраттық» жастарды тас-талқан етті. Сонда мен қай жерден қателестім? Барлығы жеңіліп жатыр әрі бұл енді ғана басталды», — деді ол.

 

Файтер футболшылардың өзін шетелдік жұлдыздармен салыстыруын сынға алды:

 

«Олар өздерін Еуропаның мықты елдерімен, Чемпиондар лигасында ойнайтын клубтармен салыстырғанды ұнатады. Бірақ айырмашылық мынада: олар өз халқын тонамайды. Мен Роналдуның Португалия халқының миллиардтарын ұрлап, кейін «Спортинг», «Реал» немесе «Аль-Иттихад» клубтарында ойнағанын естіген емеспін. Ондай нәрсе болмайды», — деді Хамитов.

 

Айта кетсек, соңғы уақытта қазақстандық жастар құрамаларының нәтижесі көңіл көншітпейді: U-21 құрамасы жолдастық кездесуде Өзбекстаннан 0:1 есебімен ұтылса, U-20 құрамасы да сол қарсыласына 1:3 есебімен есе жіберген. Бұған дейін U-21 командасы Еуро-2027 іріктеу кезеңінде Андорраға 0:1 есебімен жеңілген болатын.