Суға батып көз жұмды: Алакөлде топ адам суға тұншыққан баланы құтқармай, телефонға түсіріп тұрған (ВИДЕО)
Қайғылы оқиға Абай облысына қарасты Жарбұлақ ауылы жағындағы Алакөлде болған, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. Ақпараттарға сүйенсек, паром маңында шомылып жүрген 17 жасар жігіт құтқару желетін кимей суға түскен. Біраз уақыттан кейін суға бата бастаған. Оған көмекке құтқару желетін киген басқа бір азамат жүзіп барған. Алайда үрейге бой алдырған жігіт құтқарушыны да суға тартқан….
