Қызылордада әкімдік 10 миллионға отырғызған талдар қурап қалған
Фото: Информбюро Қызылордалық белсенділер былтыр бюджеттің миллиондаған қаражатына егілген талдар тағы да қурап қалуы мүмкін деп дабыл қағып жатыр. Олардың айтуынша, қалада жасыл желекті суару жүйесі әлі күнге дұрыс жолға қойылмаған. Талдарға күтім болмағандықтан соңғы 2-3 жыл көлемінде егілген ағаштардың көбі көктемеген. Осылайша мыңдаған түп жас шыбық жапырақ жаймастан солып, ал оған жұмсалған мемлекет қазынасы…