
Футболдан Қазақстан құрамасының кеңейтілген тізімі жарияланды
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Әли Әлиев алдағы екі ойынға қатысатын ойыншылардың кеңейтілген тізімін жариялады, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы. Ұлттық құрама 5 маусымда Беларусьпен жолдастық кездесу өткізсе, 2026 жылғы әлем чемпионаты іріктеу кезеңіндегі кезекті ойынында 9 маусымда Солтүстік Македониямен шеберлік байқасады. Кеңейтілген тізімге барлығы 36 ойыншы енгізілген. Қақпашылар: Мұхаммеджан Сейсен («Астана»), Александр Заруцкий…