Tag Archives: қорқыту

Мұрны мен құлағын кесіп тастаған келіншектің күйеуі оны түрмеде отырып қорқытқан

Фото: видеодан алынған кадр 

Қырғызстандық Әсел Ноғайбаеваның бұрынғы күйеуі келіншектің мұрны мен құлағын кесіп, азаптағаны үшін және бірнеше рет зорлағаны үшін 20 жылға сотталды. Алайда Әселге темір тордың арғы жағында отырған бұрынғы күйеуі түрлі хабарламалар жіберіп, қорқытатын көрінеді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы Сurrenttime.tv порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Әсел өзі және балалары үшін қатты қорқады. Содан ол бұрынғы күйеуінен келген хабарламаларына қатысты арнайы прокуратураға жүгінді. Әселге жазған хаттарында ер адам бұрынғы әйелі туралы бәрін білетінін және оның Бәйтік есімді азаматқа тұрмысқа шыққаны туралы айтқан. Сондай-ақ түрмеден қашудың қиынға соқпайтынын, жақында еркіндікке шығатынын жазған.

Жәбірленушінің бұрынғы күйеуі Азамат Естебесов әйелін бірнеше рет зорлап, азаптағаны үшін қатаң режимдегі колонияда жазасын өтеп жатыр. Әселдің айтуынша, сотталушы жәбірленушіге 8 шілде күні осындай сипаттағы қорқынышты хаттардың он шақтысын жіберген. Тіпті ол Әселге қоңырау шалған.

“Біреу бейтаныс нөмірден қоңарау шалды. Өз дүкенім болғандықтан хабарласып жатқан сауда агенті деп ойладым. “Кім бұл?” деп едім ол бірдеңелерді айтты. Мені өлтірмек болған адамның даусын бірден таныдым. Ауа жетпей, өзімді нашар сезіне бастадым. Сөйлей алмадым. Сол уақытта ол маған талақ (мұсылмандарша ажырасу) берді. Кейін “Не бүлдіргеніңді білесің бе?” деп сұрады. Сондай-ақ жақында бостандыққа шығатынын айтты”, – дейді Әсел Ноғайбаева.

Жәбірленушінің айтуынша, Азамат Естебесов WhatsApp пен Instagram желісінде оған қоқан-лоққы көрсеткен. Сотталушының желіде жаңа парақша ашқанына қарағанда ол түрмеде қарапайым батырмасы бар телефон емес, смартфон қолданады деп болжам жасады Әсел. Сондай-ақ онда интернет те бар.

Азамат Естебесовтың Әселді түрмеде отырып. телефоны арқылы қорқытуы бірінші рет емес. Жәбірленушінің адвокаты Азаматтың телефон арқылы бәзбіреулерге айтып, Әселдің өміріне қауіп төндіре ме деп қорқады. Заң өкілі мемлекеттің сотталушының қылмыстық әрекеттерін жалғастыруына жол беріп отырғанына наразы.

Әсел мен оның адвокаты тергеу жүргізіп, қызметтік міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін колония қызметкерлерін жауапкершілікке тарту туралы арнайы прокуратураға шағым түсірді. Сауытова түрме күзетшілерінің өздері тұтқындарға телефон сатып, оларды пара ретінде пайдалануға рұқсат етті деп күдіктенеді.

Қылмыстық атқару қызметі бұл мәселеге қатысты әзірге түсініктеме берген жоқ. Ведомство тек ішкі тексеру жүргізіліп жатқанын ғана мәлімдеді.

“Қазір қызметтік тергеу жүріп жатыр. Ішкі тексеруден кейін барлығы белгілі болады. Ол телефонды қалай, кімнен алғаны анықталып жатыр”, – дейді Қырғызстан қылмыстық атқару қызметінің баспасөз хатшысы Ызаат Тұрғынбаева.

Судья Айжан Құлбаеваны қорқытып, қысым көрсеткендер әлі анықталған жоқ – Қожаев

Фотоколлаж: Azattyq Rýhy / Әбілқасым Есентаев

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың сотын жүргізген сулья Айжан Құлбаеваны қорқытып, қысым жасағандар әлі табылған жоқ. Бұл туралы бүгін Мәжіліс кулуарында Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев мәлім етті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, істі Астана қаласының тергеу басқармасы жүргізіп жатыр, деп жазады Azattyq Ruhy.

«Ол кісінің (судья Айжан Құлбаеваның – Ред.) арызы бойынша біздің қалалық тергеу басқармасында екі іс бар. Екі іс тергеліп жатыр. Судьяны қорқыту және соттың шешіміне зиян келтіру мәселесі қаралып жатыр. Тергеу басталды, кінәлі адамдар анықталады», — деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, сот процессі барысында Жоғарғы соттың баспасөз қызметі судья Айжан құлбаеваға әлдекімдер қысып көрсетіп, қорқытқанын, сондықтан, оны құзырлы органдар қорғауға алғанын хабарлаған.

Алматыда қыз зорлаған күзетші сотталды

Фото: stan.kz

Алмалы аудандық сотында қызды пышақпен қорқытып, зорлады деп айыпталған К-ға катысты қылмыстық іс қаралды. Сот отырысы жабық өтті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Сотталушыға 2 эпизод бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген айып тағылды.

«2023 жылдың 7 тамызына қараған түні, сотталушы К. қаланың көңіл көтеру орындарының бірінде күзетші болып жұмыс істей отырып, сол түні мекемеге келген жәбірленуші П-мен танысқан. Кейін соталушы жәбірленушінің сеніміне кіріп, үйіне дейін шығарып салуды ұсынған. Үйдің кіреберісіне кірген соң сотталушы бәкісін шығарып жәбірленушіні өлтірем деп қорқытып, зорлаған» деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

Сондай-ақ сот сотталушы К-ның материалдық жағдайын жақсарту үшін тағы бір қылмыс жасауға ұмтылғанын анықтады.

«2023 жылдың 9 қарашасында таңертең сотталушы К. түнгі клубқа келіп, кірер есік алдында екі жас жігіттің жанжалын көреді. Кейін жәбірленушіге жақындап, бетінен ұрып, қалтасынан бағалы заттарын шығаруын сұрайды. Жәбірленуші ұялы телефоны мен ақшасын береді» деп атап өтті ведомстводан.

Сотталушының кінәсі қылмыстық іс материалдарымен, сараптама қорытындысымен, куәлардың айғақтарымен дәлелденді.

Сот үкімімен сотталушы К. кінәлі деп танылып, оған 8 жыл 1 ай бас бостандығынан айыру жазасын тағайындалды.