Президент Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовқа тапсырма берді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовты қабылдады, деп хабарлайды Qazaq.today Ақордаға сілтеме жасап. Мемлекет басшысына қорғаныс ведомствосының биылғы бірінші жартыжылдықта атқарған жұмыстарының қорытындысы баяндалды. Президент – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы кезеңдік өзгерістерге негізделген жауынгерлік даярлықтың жаңа форматын және командирлердің басқару қабілетін жетілдіру моделін енгізу жайындағы есепті тыңдады. Сонымен қатар Руслан Жақсылықов мемлекет басшысына…