
Жамбыл облысында 105 млн теңге бюджет қаржысын жымқырғандар ұсталды
Фото: Pixabay Жамбыл облысы Рысқұлов ауданының прокуратурасы агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде бөлінген қаражатты жымқыру фактісін анықтады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі. Облыстың екі тұрғыны 108 шаруаның атынан құжаттарды қолдан жасап, ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу шығыстарын субсидиялауға бөлінген 105,3 млн теңгені заңсыз алғаны анықталды. 30 наурызда аудан прокуратурасы алаяқтық фактісі бойынша…