
Маңғыстауда есірткімен ұсталған адам қорыққанынан оны жұта салған
Маңғыстау облысының Бейнеу ауданында орналасқан «Тәжен» кеден бекетінде Өзбекстан азаматынан есірткі пакеті табылды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі. Қаржы мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, «Lada Largus» маркалы жеңіл автокөлікті тексеру кезінде 1991 жылы туған азаматтан жасыл пакетке оралған күдікті зат табылған. «Тексеру кезінде күдікті қызметкердің қолынан пакетты жұлып алып, оны жұтып қойды. Қызметкерлер азаматты орталық…