
Экс-министр Марат Бекетаевты қамауда ұстау мерзімі тағы ұзарды
Фото: gov.kz Бұрынғы әділет министрі Марат Бекетаевты қамауда ұстау мерзімі ұзарды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі. Ол осы жылғы 21 маусымға дейін қамауда болады. «Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының қаулысымен күдікті Бекетаев М.-ға қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын осы жылғы 21 маусымға дейін ұзартылды», — делінген Астананың мамандандырылған ауданаралық сотының хабарламасында.