
Арал теңізінің құрғап қалған 15 мың гектарына сексеуіл отырғызылып жатыр
«ҚазМұнайГаздың» қолдауымен Арал теңізінің құрғап кеткен ұлтаны жасыл желекке айналады. Ұлттық компания 15 мың гектар жерге 4,5 миллион түп сексеуіл көшетін егу жобасын бастады, деп хабарлады 24.kz. Теңіз табанындағы қайнаған қызу тірлікпен «ҚазМұнайГаз» басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев, Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Нұркен Шәрбиев арнайы барып танысты. «Арал теңізінің тартылуы…