Tag Archives: Қайрат Нұртас

«Мас, әзер сөйлеп тұр»: Қайрат Нұртас әкесінің тойында сынға қалды (ВИДЕО)

Фото: видеодан скрин

Танымал әнші Қайрат Нұртастың әкесінің 60 жас мерейтойында құттықтап сөз сөйледі, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы

Желіде видеосы тарап, оқырмандардың назарын аударған.

Бейнежазбада әншінің сөзі мен дауысында әдеттегіден өзгешелік байқалған. Көпшілік оның мас болғанын айтып, қызу талқыға түсті.

Алайда, «Қайрат та адам ғой», «тойда бір-екі рюмка ішсе, тұрған не бар» деп оны қорғап жатқандар да аз емес.

«Қайрат Нұртас мас, әзер сөйлеп тұр, халықтың алдында ұят», «Мас қой, мамасы ұялып тұр», «Ішіп алған ба?», «Кайрат әкеннің тойында ішпей абыроймен өткізсең қайтеді», — деп жазды жұрт.

«Жылап қайтқан күндерім де болды»: Гүлзира Айдарбекова жан сырын ақтарды (ВИДЕО)

Фото: stan.kz

Танымал продюсер, әнші Қайрат Нұртас­тың анасы Гүлзира Айдарбекова жүрекжарды жазбасын жариялады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Ол ұлының табысына жету жолында бастан кешкен қиындықтарын еске алды.

«Баяғыда әр қаланың көшелерін аралап, плакаттарымды үлкен сөмкеге салып алып, түннің бір уағында скотчпен, клеймен жабыстырып жүретінмін. Аязда қолым тоңып, жылап қайтқан күндерім де болды. Бірақ ешкімнен көмек сұраған жоқпын. Қайратты аяп қоймасын деп білдірмедім. Миымда тек ұлымның арманын орындау деген ой ғана болды», – дейді Айдарбекова.

Продюсер бүгінде еңбегінің жемісін көріп отырғанын айтып, Аллаға шүкірлік етті.

«Мейлі біреу мақтаншақ десін, бірақ менің қуанышымды жасыра алмаймын. Әрбір жетістігінде анасының еңбегі бар. Алла қабыл етіпті. Кім не десе де, тарихта қаларына сенімдімін», – деді ол.

Сондай-ақ Гүлзира ханым өткен күндерді еске алып, ата-анасы туралы да сыр шертті:

«Әкем ерте өмірден өтті. Анам жалғыз өзі сегіз баланы жеткізді. Алғаш жоғарғы оқу орнына түсе алмай ауылға барғанда, анам басымды тізесіне қойып: „Еңсеңді түсірме, Алла бақ берсін“ – деді. Сол сөзі құлағымнан кетпейді. Әр қуаныш сәтімде дәл сол дұға естіледі», – деп жазды ол.

Айдарбекова жазбасын көпшілікке ақ тілекпен аяқтады:
«Баршаңызға да Алладан бақ тілеймін».

«Ішіп алған ба?»: Қайрат Нұртастың сахнада масқарасы шықты (ВИДЕО)

Фото: видеодан скрин

Алматыдағы Қала күні мерекесінде сахнаға шыққан Қайрат Нұртастың бұл жолғы өнері көпшіліктің көңілінен шыға қойған жоқ, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Әншінің даусы қарлыққандай болып, ән айту кезінде әрең шыққаны байқалды. Бұл жағдайға қаныққан тыңдармандар бірден әлеуметтік желіде қызу талқылап кетті.

Көпшілік таң қалғандарын жасырмады.

«Қайраттың дауысы тыныпты», «Жұрттың дауысы өзінен жақсы шығып жатыр», «Күтінбесе, дауысынан айырылады», «Ішіп алған ба?», «Гүлзира ханым ұрысып жүрмесін тағы» деген сыңайда пікірлер қалдырды.

Бұл жолы әншісін қолдаушылардан гөрі сын айтушылар басым болды.

@1213js14 #KN #kairatnurtas #қайратнұртас ♬ оригинальный звук — unknown user

«Кездескенше, сүйікті тыңдарман»: Қайрат Нұртас араға 10 жыл салып стадионда жеке концертін бермек (ВИДЕО)

Танымал әнші қайрат Нұртас 31-қазан күні Алматының Орталық стадионда өзінің жеке ән кешін өткізетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Ол бұл туралы өзінің Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

«Араға 10 жыл салып, үлкен алаңда өтетін жеке концертімде кезекті рет кездескелі тұрмыз…

20 жылға жуық уақыт бойы менің өнер жолындағы қиын кездерім мен қуанышты сәттерімді бөлісіп, қолдау көрсетіп келе жатқандарыңызға айтар алғысым шексіз!

Кездескенше, сүйікті тыңдарман!

Мен сені күтемін», — деп жазды өнер иесі.

Желі қолданушылары әншінің бұл жаңалығын жылы қабылдады.

«Бұйырса барамыз», «Легенда оралды», «Бұған бір рилс салса да жетеді, бір стадионды жинап алады», «Стадион тек Қайраттарға рұқсат қой», «Кім не десе де легенда ғой», — деп жазды олар.

«Бұл жерде екі қызы бар»: Қайрат пен Жұлдыздың жастық шағындағы видеосы тарады (ВИДЕО)

Фото: видеодан скрин

Желіде әнші Қайрат Нұртас пен оның жары Жұлдыз Әбдікәрімованың жас кезіндегі видеосы тарады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Видео кадрларынан жұлдызды жұптың би билеп, қызықты уақыт өткізіп жүргенін көруге болады. Бірақ нақты қай уақытта түсірілгені белгісіз.

«Қайрат екеуінің қыз бен жігіт болып кездесіп жүрген сәтінен естелік. Алматы қаласы, 2008 жыл», — деп жазды видео авторы.

Желі қолданушылары аталмыш кадрларға қатысты түрлі пікір жазды.

«Жұлдыз әп-әдемі болып жүр. Тасжүрек, темір қатын қылып жіберген Қайрат әркімге жабысып», «Кездесіп жүрген кезі емес», «Бақытты болсын», «Жұлдыз шошаңдап, масқара», «Бұл жерде екі қызы бар», деді олар. 

@jjjjjjjj9523♬ оригинальный звук — jjjjjjjj