
Тоқаев Польшаның жаңа президентін құттықтады
Қасым-Жомарт Тоқаев Кароль Тадеуш Навроцкийді Польша Президенті болып сайлануымен құттықтады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. – Еліңіздің әлеуметтік-экономикалық дамуын баянды етіп, халқыңыздың ырыс-берекесін еселеу жолындағы игі бастамаларыңыз бен қолға алған жоспарларыңыздың табысты жүзеге асуына шынайы тілектеспін. Қазақстан мен Польша арасындағы дәстүрлі достық пен өзара түсіністік рухындағы қарым-қатынастарды одан әрі нығайту мақсатында Өзіңізбен бірлесе күш-жігер…