Tag Archives: Павлодар

Павлодарда анасы мен баласы өз үйінде өлі күйінде табылды

Фото: Pixabay

Көршілердің айтуынша, пәтерде зейнеткер мен оның 36 жастағы ұлы тұрған. Мәйіттер табылған кезде пәтерден өзіне-өзі қол жұмсау туралы хат табылды. Онда қылмыстың себебі ретінде әкесінің өлімі көрсетілген. Біраз уақыт бұрын ер адамның әкесі қайтыс болған, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Павлодар облыстық полиция департаменті сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.

 

«Павлодар қалалық полиция басқармасы қала тұрғынын өлтіру және оның ұлының өз-өзіне қол жұмсауы фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатқанын хабарлаймын», – дейді облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Сафуан Жампейісов.

 

Анықталғандай, күдікті қылмыс жасағаннан кейін өз-өзіне қол жұмсаған.

Павлодар облысында ірі жол апаты болып, 2 адам қаза тапты (ВИДЕО)

Фото: Видеодан алынған кадр 

Павлодар облысында ірі жол апаты болып, екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 11 қазан күні Омбы-Майқапшағай тасжолында болған.

”Ауа райының қолайсыз жағдайында ВАЗ-2110 маркалы автокөліктің жүргізушісі көлікті басқара алмай, қарсы бағытқа шығып, бетпе-бет соқтығысқан”, – делінген хабарламада.

Полиция жол апатына қатысты қылмыстық іс қозғады.

Жол апаты салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі мен жолаушысы қаза тапты.

Көмір алтыннан да қымбат: Халық қыстың алдында алаңдап отыр

Қыс әлі келмей жатып, көмір бағасы аспандап кетті. Былтыр тоннасы 18–19 мың теңге болса, биыл 22 мың теңгеге жеткен. Ал сатушылардың айтуынша, бұл — «әлі шегі емес», деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы.

Тұрғындар ашулы: «Дизель қымбаттады» деген сылтау көп айтылғанымен, көмір таситындардың көбі газбен жүретіні жасырын емес. Сонда бағаның күрт өсуіне не себеп?

Ауыл-аймақтарда көмір кезегі мен тапшылығы да ерте басталды. Кей өңірлерде бір тонна көмірге жету үшін тұрғындар бірнеше күн алдын ала жазылып, өздері тасуға мәжбүр. «Көмір жоқ, тек тапсырыспен» деген жауап қазір жиі естіледі.

«Жыл сайын бір жағдай қайталанады — баға өседі, ал жалақы орнында. Үйді жылыту байлыққа айналып барады. Бұрын 4 тонна көмірмен қыстан шығатын едік, енді соның өзіне жүз мыңдап ақша кетеді», — дейді Павлодар облысының тұрғыны.

Энергетика министрлігі болса, көмір жеткілікті деп сендіреді. Бірақ халық оны нарықтағы бағада көріп тұрған жоқ.

Павлодар жастары республикалық науқанды қолдап, «қырандар» қатарына қосылды

Фото: видеодан скрин

Биыл қыркүйек айында Павлодар қаласының белсенді жастары синтетикалық есірткінің таралуына қарсы республикалық #сатқындар науқанын қолдауға шешім қабылдады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Жастар бастамасы аясында үлкен жұмыс атқарылып, қазір өңірде алғашқы «қырандар» — ерікті сақшылар мен белсенді жастар пайда болды. Науқанның мақсаты — жастар арасында нашақорлықтың алдын алу, синтетикалық есірткінің зияны туралы ақпарат тарату және қауымдастықты сақтандыру. Павлодарлық жігіттер ақпараттық акциялар, түсіндіру жұмыстары және жергілікті тұрғындармен кездесулер өткізді. Нәтижесінде қоғамдастар арасында науқанға деген қолдау күшейіп, алғашқы еріктілер тобы қалыптасты.

Жобаны жүргізушілердің айтуынша, мұндай бастамалар қоғамдағы жүйелі проблемаларға назар аудартуға, сондай-ақ жастың өмір сапасын жақсартуға бағытталған. Жергілікті белсенділер «Іске сәт, жігіттер!» деген тілекпен өз әрекеттерін аяқтады.

Науқанға қатысқысы келетіндер мен қосымша ақпарат алғысы келетіндерге жергілікті волонтерлік орталықтар мен әлеуметтік желілер арқылы жүгінуге болатыны хабарланды.

«Сатқындарға қарсы күрес»: «Дала Қырандары» Павлодарда есірткі сатуға қарсы рейд жүргізді

Фото: Дала Қырандары

5 қазан күні, сағат 13:00-де Павлодар қаласындағы №5 мектептің маңында «Дала Қырандары» республикалық жастар ұйымының Павлодар бөлімшесі Семей, Қарағанды, Қосшы, Теміртау және Астана қалаларынан келген қырандармен бірлескен рейд өткізді. Бұл бастама — аймақтық бөлімшенің жұмысына қолдау көрсету әрі павлодарлық кырандарға серіктестік көмек беру мақсатында ұйымдастырылған, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Қыркүйек айында №5 мектеп маңында өткен рейд барысында «Дала Қырандары» оқу орнының жанында есірткі сату мен қолдану деректерін анықтады.Сондықтан 5 қазан күні команда қайтадан сол жерге барып, аумақты тазалап шықты. Сонымен қатар бұл әрекет арқылы олар балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігіне тікелей әсер ететін мәселеге билік пен қоғамның назарын аудартуды мақсат етті.

Іс-шараның басты мақсаты — #сатқындарға қарсы күрес. Бұл бастама Президенттің «Заң және тәртіп» тұжырымдамасына сай жүзеге асуда. Бүгінде синтетикалық есірткілер – жастарға төнген ең қауіпті қатерлердің бірі. Оларды таратушылар, яғни сатқындар, өз пайдасы үшін жастардың денсаулығын, санасын және болашағын құртып келеді. 2024 жылдың қыркүйегінен бері өскелең ұрпаққа қауіпсіз әрі салауатты орта қалыптастырумен айналысып келе жатқан ұйым үшін есірткі қатеріне қарсы тұру – бір реттік шара емес. (Ссылка)

Рейдтен кейін қатысушылар қылмыстық іс-әрекет іздерін жойды — заңсыз айналымға қатысы бар заттардың барлығын өртеп жіберді. Акция бірлік пен жауапкершілік рухында өтті. Қазақстанның алты қаласынан келген ұйым мүшелері мен аудан тұрғындары өз көшелерін қауіпсіз ету мақсатында күш біріктірді.

«Дала Қырандары» ұйымының Павлодар қалалық бөлімшесі Лермонтов көшесін өз бақылауына алып, мұнда есірткі саудасымен және оны тұтынумен байланысты адамдардың болмауына тұрақты түрде бақылау жүргізеді», — «Дала Қырандары» Павлодар бөлімшесінің жетекшісі Еламан Ерғантай мәлімдеді.

«Дала Қырандары» ұйымының үйлестірушісі Ерасыл Сайлауовтың айтуынша, ұйым мүшелерінің ұстанымы айқын:

«Синтетикалық есірткіден азат Қазақстан — бұл дені сау ұлттың, берік қоғамның және қауіпсіз болашақтың кепілі. Тек мемлекет пен қоғамның, жастардың бірлескен іс-қимылы ғана #сатқындардың жолын кесіп, ел ертеңін сақтап қала алады». 

Акция қорытындысын «Дала Қырандары» жастар қоғамдық бірлестігінің үйлестірушісі Нұрғали Тұрсынғазиев шығарды:

«Бұл акция — «Дала Қырандары» республикалық бірлестігінің есірткі қаупіне қарсы күрестегі кезекті қадамы ғана. Қырандар алдағы уақытта да рейдтер өткізіп, жастарды тартуды және өз қаласы мен көшесіне жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруды жалғастырады. Өйткені #сатқындар-ға қарсы тұру – елдің ертеңіне бейжай қарамайтын әрбір жастың парызы».