
«Ағаш құлаған»: Ақсу қаласында дауылдан әйел адам қаза тапты
Павлодар облысында болған қатты дауыл адамның өліміне себеп болды. Табиғат тосын мінезін күннің екінші жартысында көрсетті. Қатты жел шамамен бір сағат бойы соғып, ағаштарды тамырымен қопарып, электр сымдарын үзіп, бірқатар көлік құралдарына зақым келтірді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. Ауа райының күрт өзгерісі тұрғындарды түрлі жерлерде — жолда, аулада, жағажайда — қапыда қалдырды. Ақсу…