Tag Archives: пәтер

«Қара маскадағы» жігіт ауыр дертке шалдыққан бозбалаға пәтер мен еміне қаражат берді ВИДЕО)

Коллаж: Sn.kz

Әлеуметтік желіде 19 жастағы Әлішер есімді жігіттің жан тебірентер видеосы тарады. Ауыр дертке шалдыққан жас жігіт «Маскадағы адамнан» көмек сұрап, өмір үшін күрестегі соңғы үмітін жеткізді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

 

«Дәрігерлер менің жағдайым өте ауыр екенін айтты. Осы қалпымда жүрсем, бірнеше аптадан не бірнеше айдан кейін өмірім үзілуі мүмкін деді. “Маскадағы адам”, өтінемін, маған көмектесіңізші», — дейді ол бейнежазбада.

 

Әлішердің жанайқайына бей-жай қарамаған «Маскадағы адам» ауруханаға арнайы барып, күтпеген сый жасады.

Жігіттің айтуынша, ол төрт жылдан бері бауырдың қатерлі ісігімен (карцинома) күресіп келеді. Қазір аурудың үшінші сатысында, бауырында тромб пайда болған. Әкесінен айырылған соң отбасы жалдамалы пәтерде тұрып жатыр.

 

«Дәл қазір бауырымды ауыстыру керек. Беларусь елінде операция жасатуға мүмкіндік бар, бірақ оған 80 миллион теңге қажет. Сол қаражатты жинап жатырмыз», — дейді Әлішер.

 

«Маскадағы адам» жас жігіттен ең үлкен арманы не екенін сұрағанда, ол ауыр күрсініп:

 

«Тек жазылып кетсем деймін. Кейде өзімнен сұраймын — осы уақытқа дейін босқа шыдадым ба?» — дейді Әлішер.

 

Осы сәтте бейтаныс мейірімді жан Әлішерге үлкен сый дайындағанын жеткізді.

 

«Бүгіннен бастап Алла сізге жаңа өмір сыйласа екен деп тілеймін. Мына конверттің ішінде еміңізге қажет толық қаражат бар. Ал мына кілт — өз пәтеріңіздің кілті. Бұл жаңа өмірдің бастамасы болсын», — деді ол.

 

Күтпеген сыйлыққа сенер-сенбесін білмей, көзіне жас алған Әлішер қайырымды азаматқа шексіз алғысын білдірді.

«Үлкенін алуға батпадым»: Мөлдір Әуелбекова жер үйлі болғанын айтып мақтанды (ВИДЕО)

Фото: instagram.com/moldir.auyelbekova

Танымал әнші Мөлдір Әуелбекова жер үйге көшетінін айтты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Өнер иесінің сөзінше, балалары көпқабатты үйді ұнатпай жүрген көрінеді.

“Жер үй алдық. Ақшасын кеше төлеп қойдық. Бүгін Гүлназ екеуміз барып, үйді көреміз. Бізбен бірге болыңыздар! Үйге жүргізілетін жөндеу жұмыстарын түгел көрсетеміз. Дайын жер үй болып есептеледі. Бірақ ішін өзгертемін. Бұдан үлкен үй алуға батпадым. Жалғыз басты ана болғасын әрі үйде ер адам болмағасын қорқынышты. Бұйырса, үлкен үйді ұлыма алып беремін. Пердеден бастап түгел өзгертіп, өзіміздің қалауымызша жасап аламыз”, – деді әнші.

Еске салайық, өнер иесі Алматының қақ ортасынан құны 60 миллион теңгеге пәтер алған еді.

“Пәтер алып, құрылысын жасап толтырып тастадық. Тіпті ине-жібіне дейін су жаңа болды. Есесіне 80 миллион теңге шығын кетті. Пәтер құны 60 миллион болса, 20 миллион теңгесі жөндеу жұмыстарына жұмсалды”, – деді өнер иесі.

«Арзан көрініп тұр»: Танымал блогердің дизайнерлік пәтері талқыға түсті (ВИДЕО)

Фото: видеодан скрин

Танымал блогер Мерей Абилова су жаңа пәтерін көрсетті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Желі жұлдызы жеке парақшасында үйінің видеоларын бөлісті.

“Жаңа үйімізге қош келдіңіздер! Бәріңізге жұғысты болсын! Әне-міне деп пәтерімізге көштік. Үйдің көлемі 182 шаршы метр. Сіздерді кіреберіс пен үлкен айна күтіп алады. Өзімізден бөлек келетін қонақтарымыздың да жағдайын жасауға тырыстық. Оларға арналған ұйықтайтын бөлме, қол жуатын жер бар. Байқасаңыздар, үйдің ішіндегі жиһаздардың бәрі сұр түсті. Өйткені біздің қызымыз кішкентай. Бала болғасын заттарды кір қолдарымен ұстайды. Негізі, дизайнердің көмегіне сүйендік. Қонақ үйде тұрғандай сезімде болғымыз келді. Ойымызды дизайнерге айтып едік, бірден жасауға кірісті. Байқасаңыздар, қонақ үйдің атмосферасын береді. Жақындарымызды шақырып қоныс той жасап жатырмыз. Ас үйге үлкен шкаф алдым. Өйткені қонақ шақыратын болғасын ыдыс-аяқ көп керек. Артық заттарды сақтайтын арнайы бөлме де жасаттым”, – деді Мерей.

Желі қолданушыларынығ пікірі екіге бөлінді. Бірі үйге оң баға беріп жатса, енді бірі көңілдерінен шықпағанын айтты.

“Үйімнің ремонтын өзгерткім келді”, “Қанша ақша кетті екен?!”, “Шаңырақтарыңа береке кірсін”, “Іші жанға, сырты малға толы берекелі үй болсын! Әр біз қазағыма осындай үй бұйырсын”, “Үйде ұсақ-түйек, артық заттар көп сияқты”, “Залының дизайны арзан көрініп қалды”, “Барлығы талғаммен, әдемі әрі сәнді жасалған”, – деп жазды көпшілік. 

«Бәрінің бетін ашады»: Жұлдыз Әбдікәрімова жөндеу жұмыстарына ақша керегін айтты (ВИДЕО)

Фото: видеодан скрин

Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова жаңа пәтеріндегі жөндеу жұмыстары қалай өтіп жатқанын айтты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Қайрат Нұртастың әйелінің желіге жүктеген контентіне сүйенсек, үйінің ішкі құрылысы өзі жоспарлаған уақытта аяқтала қоймайды.

«Менің отырысымды жөндеу жұмыстарын жүргізіп жүргендер түсінеді. Бәрін бір-бірімен үйлестіру үшін де уақыт пен сабыр керек. Сосын қомақты қаражат керек», — деп жазды ол.

Актрисаның бұл жазғанына түрлі адам пікір білдіріп үлгерген. Олардың ішінде Мәдина Сәдуақасова да бар.

«1,5 айда ремрнт бітіріп көшетін адамбыз, 4 ай болды әлі жүрміз», «Ремонт ақшасы бардың ақшасын шашады, ақшасы жоқтың бір жерін ашады және бәрінің бетін ашады», «Процесс сәбидің бақылауында ғой», — деді олар.

 

«Қай жерден қателестім»: Жұлдыз Әбдікәрімова жөндеу жұмыстары жүрмей жатқанын айтты

Жұлдыз Әбдікәрімова желідегі парақшасында үйінің жөндеу жұмыстарына көңілі толмай жатқандығын айтты, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы.

Әнші жақында ғана үлкен үй алып, жөндеу жұмыстарын бастағанын хабарлаған болатын.

Аяғы ауыр болса да бұл істің басы-қасында жүрген ол аяқ астынан жөндеу жұмыстарының ойдағыдай іске аспай жатқанына көңілі түсті.

«Мынау бір ремонттың мен жоспарлаған уақытта бітпейтініне көзім жетті. Тым жақсы басталған жөндеу жұмыстарының бүгін берекесі қашып, күл-талқаны шыққаны ма? Қалайша? Қай жерден қате кетті? Нені өткізіп алдым? — деген түрлі сұрақтар туындады», — деп жазды ол.

Сондай-ақ, Әбдікәрімова  оқырмандарын өздерінің жөндеу жұмыстары кезіндегі оқиғаларымен бөлісуді де сұрады.

«Ойлай берсем ойдың түбіне түсіп кетейін деп тұрмын ғой, так что бүгін ештеңе ойламай жәй сіздердің қызық оқиғаларыңызды оқиыншы», —  деді өнер иесі.