Tag Archives: Париж

Паралимпиада-2024: бүгін кімдер жарыс жолына шығады

Парижде өтіп жатқан ойындарда отырып ойнайтын волейболдан Қазақстан ерлер құрамасы жартылай финалға шығу үшін күш сынасады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Матчтың басталу уақыты Астана уақытымен көрсетілген.

15:00. Отырып ойнайтын волейбол.

Ерлер, алдын ала раунд, А тобы. Үшінші тур.

Қазақстан – Мысыр Босния мен Герцеговина екі турдан кейін максималды алты ұпай жинап, жартылай финалға жолдама алды. Мысыр мен Қазақстанда үш ұпайдан бар: қос құрама кездесуіінң жеңімпазы плей-офф кезеңіне өтеді, жеңілгені бесінші орын үшін таласады. В тобынан Германия мен Иран жартылай финалға ерте жолдама алды. А квартетінде өнер көрсететін Украина мен Бразилия, сондай-ақ Франция құрамалары жарыс жолынан шығып қалды.

Джеки Чан 2024 жылғы Паралимпиада алауының эстафетасына қатысады

Атақты қытайлық актер Джеки Чан Париждегі паралимпиадада алау эстафетасын алып жүретін танымал тұлғалар тізіміне енді, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы.

70 жастағы Джеки Чан 2024 жылғы 28 тамызда Паралимпиаданың ашылу салтанаты басталардан бірнеше сағат бұрын Париждегі Vieye du Temple көшесінде алаумен жүгіріп өтеді.

Ол Француз өнерінің өкілдері Эльза Сильберштейн, Джарри және Бенджамин Милпьемен бірге паралимпиадалық алауға қатысады.

Фото: Instagram/paris2024

Айта кетейік, 2024 жылғы Паралимпиада 28 тамызда басталып, 8 қыркүйекте аяқталады.

Таеквондошылар Парижде неге жеңілді – бапкердің пікірі

Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында қазақстандық таеквондошы Батырхан Төлеуғали екінші айналымда италиялық екі дүркін әлем чемпионы Симоне Алессиодан жеңілді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Жарыстан кейін таеквондодан Қазақстан командасының аға жаттықтырушысы Нұрсұлтан Мамаев спортшылардың айқастарына тоқталып өтті.

«Бірінші жекпе-жегімізді сәтті бастап едік. Екінші айналымда ұтылып қалдық. Көріп отырғандарыңыздай, Батырхан Төлеуғали тым жас спортшы. Ол мұндай үлкен ареналарды әлі көрмеген. Жақында Симоне Алессиомен кездесіп, терезесі тең өнер көрсеткен болатын. Өкінішке қарай, бүгін есе жіберді», — деді жаттықтырушы Нұрсұлтан Мамаев.

Сондай-ақ, 58 келіде ел намысын қорғаған Самирхон Абабакиров туралы да айта кетті.

«Самирхон Абабакиров бұл Олимпиадаға алтын алады деп келгенбіз. Себебі, оның ең басты қарсыласы италиялық спортшы болатын. Соңғы Олимпиаданы, әлем чемпионатын, Еуропа біріншілігін жеңіп алған атлет сол еді. Самирхонды жеңілді деп айта алмаймын. Соңғы секундтар ғана шешіп кетті. Оның қалай айқасқанын көрдіңіздер. Тәжірибесі де, шеберлігі де жоғары. Бұл жігіттерді келесі Олимпиадаға дайындаймыз», — деді Мамаев.

Фото: olympic.kz

Таеквондо: Батырхан Төлеуғали Олимпиада ойындарының 1/8 финалына жолдама алды

Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында Батырхан Төлеуғали  іріктеу айналымын сәтті  бастап, 1/8 финалға өтті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

Қазақстандық таеквондошы бірінші кездесуінде Исмаел Кулибалиді қапы қалдырды.

1/8 финалда отандасымыз екі дүркін әлем чемпионы Симоне Алессиомен кім мықтыны анықтайды. 

Айта кетейік, Батырхан – Қазақстан құрамасының сапында Олимпиадаға қатысып жатқан ең жас спортшы.

Фото: Olympic.kz

Олимпиадалық спортшылар Сена өзенінде жүзгеннен кейін жаппай ауырып жатыр

Кейбір олимпиадалық триатлоншылар Сенада жүзгеннен кейін ауырып, өзендегі судың сапасына байланысты жарыстан шығуға мәжбүр болды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Global News хабарлауыншаБельгия құрамасының жеке триатлонында өнер көрсеткен спортшыларының бірі ауырып, ішек таяқшасы диагнозымен ауруханаған түскен. Осы жағдайға байланысты бельгия құрамасы 5 тамызда өткен аралас эстафетаға қатыспауға шешім қабылдады.

Швейцария олимпиадалық құрамасы да аталмыш диагнозбен ауырған екі спортшысына байланысты, аралас эстафетада сынға түсетін құрамды екі рет өзгертті.

Швеция мен Норвегиядан келген триатлоншылар да судағы бактериялардың жоғары концентрациясына байланысты ауырып қалған.

Фото: Pixabay