Tag Archives: отбасы

«Отбасы бұзылмасын»: Баян Мақсатқызының үйленген інісі атышулы блогермен көзге түсті

Фото: видеодан скрин

Танымал продюсер Баян Мақсатқызының әпкесі Бәтес Байлының ұлы Айдар Асқарбек атышулы блогер Сабина Мовлаевамен бірге жүрген видеосы жарияланды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Айдар Асқарбек пен Сабина Мовлаеваның бұл видеосы кинокөрсетілімдердің бірінде қызыл кілемнің үстінде түсірілгенін байқауға болады.

Олардың әрекетіне, өздерін ұстауына қатысты желі қолданушылары түрлі пікір білдірді.

Айта кетерлігі, Айдар Асқарбек қазіргі уақытта актриса, әнші Жарқынай Ханайыммен бірге заңды некеде.

 

«Жарқынай жаныңды шығармасын», «Қасыңда Жарқынай болсын», «Сұлу қыз Сабинка», «Отбасылары бұзылып кетпесін», — деп жазды желі қолданушылары.

 

«Айдана ес-түссіз жатты»: Меденованың күйеуі өте ауыр оқиғасымен бөлісті (ВИДЕО)

Фото: видеодан скрин

Танымал әнші Айдана Меденованың күйеуі әлеуметтік желідегі парақшасында бастарынан өткен сынақтарының бірімен бөлісті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Әлішердің сөзінше әйелі қызын босану барысында біраз уақыт ес-түссіз жатқан. Шұғыл түрде ота жасап, аман алып қалған.

 

«Менің Ханиым

Менің кенже қызым. Менің бесінші балам. Өмірінің алғашқы минуттарын менің кеудемде өткізген жалғыз бөпем…

Бұл мүлде жоспарланғандай болмады, біз Айдананы жоғалтып ала жаздадық…

 

Қазір сол түнді күлімсіреп еске ала аламын, бірақ ол кезде, 2024 жылдың 17-нен 18-не қараған түні, мен бұрын-соңды болмаған зор күйзелісті бастан кештім.

Жұбайымды перзентханаға алып келдім, бәрі тыныш, қалыпты жүріп жатты. Мен Ханимен кездесуге моральдық тұрғыда дайындалып отырғанмын, ал Айдана стандартты босануға дайындық процедураларынан өтіп жатты. Кейін оны дәрігерлермен бірге есіктің арғы жағына алып кетті… Мен күтіп қалдым.

 

Алғашында әдеттегі әңгімелер мен қадамдардың дыбысы естіліп тұрды… кенет тыныштық орнады. Құлақ түріп тыңдадым — ештеңе естілмейді.

Бірнеше минуттан кейін медбике жүгіріп шықты, ал бас дәрігер оған айғайлап жатыр: «Операциялық бөлмені дайындаңдар!»

Анестезиолог кіріп келді, бәрі көз ілеспес жылдамдықпен болып жатты. Дежурный қызметкер мені сыртқа шығарып: «Барлығы жақсы болады. Күтіңіз,» — деді.

 

15 минуттан соң маған Ханифаны алып келіп, кеудеме жатқызды.

Ал Айдана сол сәтте ес-түссіз, жедел операциядан кейін жатқан еді…

 

Алланың қалауымен бәрі жақсы аяқталды.

Дәрігерлер өте нақты әрі кәсіби әрекет етті.

Олардың жылдам шешімі мен уақытылы жасаған ісі Айдошканың өмірін сақтап қалды, ал бәрі мүлде басқаша аяқталуы да мүмкін еді…

 

Әлхамдулиллаһ», — деп жазды ол.

 

Оқырмандары бәрі артта қалғанына қуанып, әдемі жұпқа амандық тіледі.

Сәкен Майғазиевтің әйелі келінімен 1 қазанды қалай бөлісіп жүргенін айтты (ВИДЕО)

Фото: видеодан скрин

Қазақ эстардасының жарық жұлдызы Сәкен Майғазиевтің жары Динара Майғазиева әлеуметтік желіде келін болып түскен кезіндегі қызық оқиғасымен бөлісіп, көпшілікті күлдірді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Сәкен Майғазиевтің жары алғаш келін боп түскен кездегі қызықты естелігін айтып, оқырмандарды күлдірді. Айтуынша, ол кезде ас үйде тәжірибесі аз болған жас келін бір күні қызып тұрған майға ет салып жібергенде, майдың қатты атылған даусынан қонақтардың қолындағы кесе түсіп кеткен. Сол сәтте бәрі абдырап қалғанымен, кейін бұл оқиға отбасы арасында ең қызықты естеліктердің біріне айналған.

Сондай-ақ, ол келін алған соң, асханада жағаласып жүрмейін деп, тамақ жасағысы келгенде жазғы ас үйіне барып, дәмді тамақтар әзірлейтінін айтады.

«Келінмен жағаласып жүргенді құп көрмеймін, өзінің ойлағаны бар шығар, басқаша тағамдар әзірлегісі келетін болар, сол себепті, тамақты бөлек асханада әзірлегенді жөн көремін», дейді ол.

Көпшілік мұны құп көрсе, енді бірі келін алған соң тыныш отырмай ма деп пікір білдіруде.

@zhuldyzdaralemi #динарамайғазиева ♬ оригинальный звук — Әсерлі әңгіме

 

«Қойындаршы. Сендер ғаңа тамақ істеп, сеңдер ғаңа қонақ күтесіндер ме?», «Отырмай ма тып-тыныш шалының қасында жас келинге обалго не туда не сюда журеди», «Бір үйде екі ас бөлмесі болғаны да мақтаныш па?», деп жазды көпшілік.

 

«Мені жынды, алаяқ деп баламды тартып алды»: тағы бір әйел күйеуінен қорлық көрген

Фото: видеодан скрин

Қоғамда әйел мен бала тағдыры туралы үнсіз қалған оқиғалар аз емес. Бірақ кейде үнсіздік бұзылады — бір ананың көз жасы мың адамның жүрегін ауыртады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Жас әйелдің айтуынша, ол бұрынғы күйеуімен баласының заттарын бөлісу кезінде соққы мен қорлық көрген. Оқиға оның шәкірттерінің көзінше болған.

«Мен қарсы болдым, баламның заттарын бергім келмеді. Сол сәтте ол адамдардың көзінше мені қорлай бастады. “Жындысың, өтірікшісің, алаяқсың” деп айқайлады. Сосын: “Нағыз түріңді көрсетші, адамдар сенің қандай екеніңді көрсін”, – деді», — дейді әйел.

Бірнеше рет сабыр сақтауға тырысқанымен, эмоциясын тежей алмапты.

«Мен оған: “Мені ашуландырма” дедім. Бірақ ол тоқтамады. Қайта-қайта арандатты. Ақыры бір сәтте менің төзімім таусылды. Айқайлап жібердім. Біз төбелесіп қалдық. Ол күшпен баламның заттарын тартып әкетті», — деп еске алады ол.

Жылаған күйі үйіне оралған әйелді анасы қарсы алған. Ал анасының денсаулығы да ауыр екен.

«Мама оған хабарласқан екен. Ол болса: “Сіз балаға дұрыс қарамайсыз” деп жауап беріпті. Сонда анам: “Мен науқаспын, үшінші сатыдағы қатерлі ісікпен күресіп жүрмін, бірақ бәрібір сіздің балаңызға қараймын”, – деп жауап берген», — дейді кейіпкер көз жасын тыя алмай.

Бұл жағдай қоғамда жиі кездесетін, бірақ көп жағдайда жария етілмейтін тұрмыстық зорлықтың көрінісі. Психологтар мұндай оқиғалардың ең ауыр зардабы – баланың психологиялық жарақаты екенін айтады.

Қазір әйел құқық қорғау органдарына жүгінуді ойластырып жүр. Ол өз оқиғасын бөлісіп, осындай жағдайға тап болған өзге әйелдер үнсіз қалмаса екен дейді.

«Мен бұл туралы айтуға қорықпаймын. Себебі үндемесем, ол тағы бір әйелге дәл осылай жасайды», — дейді ол.

«Енді ақ көйлек кимеймін»: Ажырасқан блогер үшінші рет күйеуге шықпайтынын айтты

Фото: @saltanat.a.e. парақшасынан

Күйеуімен ажырасқан ақтаулық блогер оқырмандарына жан сырын ақтарды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Салтанат Аманқосқызы енді тұрмысқа шықпайтынын мәлімдеді.

 

«Енді ақ көйлекті киіп, отбасылық өмірге қадам баспаймын. Ақ көйлекті үстімнен тек түсірілімдерден ғана көресіздер. Ойлана келе, енді отбасылық өмірге аяғымды аттап баспаймын дедім. Алдағы уақытта қандай шешім қабылдап, өмірімнің бағыты қай жаққа бұрылғанын көре жатарсыздар. Бұдан кейін мен махаббатқа да, сезімге де, адамға да сенбеймін. Ата-анаммен отырып ашық сөйлестім. Әрине, алдарында ұятты болдым. Себебі, екінші рет ажырасып отырғасын, әкем мен шешемнің көңіліне тағы қаяу түсірдім-ау. Бұдан бұлай, жаңа отбасы құрып, тұрмыс құру туралы жақ ашпаймын. Опық әбден жeдiм. Бoлap.

Әкемнің бір сөзі тамағымды тұрыn қалды. “Caған қызымды осылай жылaтy үшiн бердім ба? Менің жасыма келгенде, менің және әкеңнің ішкі жан-дүниесі қандай болып жатырғанын сезінерсің”, деп көзіне жас алған сәті… Сол кезде, менің әлемім көз алдымда құлады. “Өзіммен өзім тұрмыс құрмай-ақ жүре беруім керек еді. Неге ocы адамға ceнiп, eкiнші рет шалыс бастым екен?!”, деген ой маза бермеді. Әкеме “енді тұрмыс құрмаймын” деп уәде бердім…

Болары болды,

Бояуы сіңді», — деп жазды ол.

 

Айта кетейік, блогер екінші күйеуінің көзіне шөп салғанын айтып, жазба жариялаған еді.

Желі қолданушылары блогердің бұл жазбасына қатысты түрлі пікір білдірді.

 

«Тамаққа да, қатынға да тоймайтын бәле екен. Ондай күйеудің барынан жоғы», «Жүрегім езіліп отыр, қандай ауыр», «Басынан ұнамап еді сол еркек», деді ол.