Tag Archives: өрт

Шымкент–Түркістан трассасында фура отқа оранды

Фото: видеодан скрин

Бүгін таңертең Шымкент–Түркістан бағытындағы республикалық маңызы бар трассада ірі жол оқиғасы тіркелді. Жүк көлігі жолдың бойында кенеттен отқа оранып, бірнеше минуттың ішінде толығымен жанып кеткен. Куәгерлердің айтуынша, фурадан түтін бұрқ етіп шығып, аз уақыттың ішінде жалын кабина мен тіркемені шарпыған, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Оқиға орнына дереу өрт сөндіру қызметі мен полиция қызметкерлері жетті. Түркістан облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрт шамамен 40 минутта толық сөндірілген. Абырой болғанда, жүргізуші көліктен дер кезінде шығып үлгерген. Ол жеңіл жарақат алған, медициналық көмек көрсетілген.

Алдын ала мәлімет бойынша, өрт көліктің электр жүйесіндегі қысқа тұйықталудан шыққан болуы мүмкін. Дегенмен нақты себебі арнайы сараптама нәтижесінде анықталады.

Оқиға салдарынан Шымкент–Түркістан бағытындағы жолдың бір бөлігі уақытша жабылып, көлік қозғалысы шамамен бір сағатқа тоқтаған. Қазір жол қайта ашылып, қозғалыс қалыпты режимге түсті.

Төтенше жағдайлар департаменті жүргізушілерге жолға шығар алдында көлік құралдарының техникалық жағдайын мұқият тексеруді және қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды ескертеді.

Ақтауда тұрғын үйде газ жарылды: ішінде балалар болған (ВИДЕО)

Фото: Видеодан алынған кадр

Бүгін Ақтау қаласындағы тұрғын үйлердің бірінде газ жарылысы тіркелді. Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға қаладағы көпқабатты үйдің бірінде болған. Куәгердің айтуынша, жарылысты ең бірінші көшеде кетіп бара жатқан тұрғын байқап, дереу төтенше қызметке хабар берген, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы.

«Кенет қатты дыбыс шықты, терезелер дірілдеп кетті. Үйден түтін шығып жатқанын көрдім», – дейді оқиғаны көзімен көрген куәгер.

Жарылыс кезінде пәтердің ішінде кішкентай балалар болғаны белгілі болды. Қазір олардың жағдайы анықталып жатыр. Дәрігерлер мен құтқарушылар оқиға орнында жұмыс істеуде.

Мамандардың айтуынша, мұндай жарылыстардың басым бөлігі газ құрылғыларын дұрыс пайдаланбаудан немесе желдету жүйесінің нашарлығынан туындайды. «Бүгінде әр үйдің иесі қауіпсіздік ережесін жақсы білуі тиіс, алайда тәжірибе көрсеткендей, қарапайым сақтық шараларының өзі жиі ескерілмейді», – дейді төтенше жағдай саласында 50 жылдан бері еңбек етіп келе жатқан сарапшы.

Оқиғаның нақты себебін арнайы комиссия анықтайды. Ал тұрғындарға газ иісін сезген сәтте бірден терезені ашып, электр құрылғыларын қоспау және тиісті қызметке дереу хабар беру ескертілді.

Ақтауда көлік өртеніп кетті

Фото: видеодан скрин

Ақтаудағы 17-шағынаудандағы №54 үйдің алдында Subaru Forester көлігі өртенді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Куәгерлер түсірген видеода бірнеше жас жігіттің жарылыстан қауіптене отырып, өртті өрт сөндіргіштермен сөндіруге тырысқаны көрінеді.

Маңғыстау облыстық ТЖД мәліметінше, 2002 жылғы көліктің мотор бөлігі жанған. Өрт сөндірушілер жеткенше тілсіз жау толық сөндірілген. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ.

Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Шығыс Қазақстанда 4 бала өз үйінде өртеніп кете жаздады

Фото: видеодан скрин

ШҚО-ның Глубокое ауданына қарасты Черемшанка ауылында жеке тұрғын үйден өрт шықты. Абырой болғанда көршісі өртеніп жатқан үйден екі баланы құтқарып қалды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Өрт болған кезде үйде анасының қарауынсыз төрт бала болған.

 

«2012 және 2019 жылы туған екі үлкен бала өздері үйден шығып, көмек сұрап көрші үйге жүгірген. Көршісі Дмитрий Недозрелов, бір сәтке де ойланбастан, жанып жатқан үйге кіріп, іште қалған 2021 және 2023 жылы туған екі сәбиді сыртқа алып шықты», – делінген хабарламада.

 

Оқиға орнына дереу жеткен өрт сөндірушілер 45 шаршы метр аумақты шарпыған жалынды ауыздықтады. Балалар медициналық мекемеге жеткізілді. Қазіргі уақытта өрттің себебі анықталып жатыр.

Өз ерлігі туралы көпшіліке айтқысы келмеген Дмитрий оқиғаға қатысты қысқаша пікір білдірді.

 

«Менің орнымда кез келген ер адам дәл солай жасар еді», – деп қысқа қайырды ол.

 

Атырау маңында өрт шығып, қалаға күйік иісі тарады

Фото: Видеодан алынған кадр 

Өңір басшысының тапсырмасымен Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаевтың төрағалығымен төтенше жағдайға байланысты жедел штаб отырысы өтті, деп хабарлайды Qazaq Today сайты. 

Әкімдіктің мәліметінше, мониторинг кезінде өрт «Сасықсай» булану алаңының ар жағында, Атырау қаласынан шамамен 20 шақырым жердегі теңіз маңында тұтанғаны анықталды.

Қазіргі уақытта жалынды сөндіруге төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен техникасы тартылған.