Tag Archives: оқыс

Ақтауда балалар ойнап жүрген спорт алаңында қақпа құлап түсті

Фото. видеодан скрин

Ақтауда төтенше жағдай тіркелді. Қаладағы 28А-1 мекенжайында орналасқан спорт алаңында темір қақпа кенеттен құлап, балалардың өміріне қауіп төндірді.

Оқиға кезінде бірнеше бала алаңда ойнап жүрген. Абырой болғанда, зардап шеккендер туралы ақпарат әзірге түскен жоқ. Куәгерлердің айтуынша, спорттық қақпаның тіреу бөлігі ескі әрі бос тұрған. Соған қарамастан, аулада балалар күн сайын футбол ойнайды. Тұрғындар мұндай жағдай бірнеше рет қайталануы мүмкін деп алаңдап отыр.

«Біз бұл мәселе туралы бірнеше рет ескерткенбіз. Бірақ ешқандай шара қолданылмады. Егер бала астында қалып қойғанда не болар еді?» — дейді тұрғындардың бірі.

Қазір оқиға орнына коммуналдық қызмет өкілдері мен әкімдік мамандары келіп, қақпаны уақытша алып тастады. Маңғыстау облысының төтенше жағдайлар департаменті болған оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Тұрғындар енді қаладағы барлық спорт және ойын алаңдарын жаппай тексеруді талап етуде.

Астанада 9-қабаттан құлаған 6 жасар бала аман қалды

Фото: instagram/qara_astana

Астанадағы көпқабатты үйде 6 жастағы бала 9-қабаттың терезесінен құлап кетті, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы.

Бала екінші қабаттағы күнқағарға түсіп, сол жерде тұрған әйел мен көмекке келген жігіттердің арқасында аман қалды.

Куәгерлердің сөзінше, сол қабатта тұрған бір әйел баланы құлап кетуден ұстап тұрған, ал 3 жігіт жедел әрекет етіп, ішке кіріп, біреуі күнқағарға шығып баланы терезе арқылы пәтерге кіргізген.  Сол сәтте бала есін жиып, жылаған.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 2019 жылы туған бала жедел жәрдем арқылы №2 көпсалалы балалар ауруханасына жеткізілген.

Дәрігерлер оның денесінде ауыр жарақаттар барын айтып, жағдайын ауыр деп бағалап отыр.

Алматы тауларында жасөспірімнің үстіне тас құлаған

Фото: Pixabay

Алматыда құтқарушылар теңіз деңгейінен 3800 м биіктікте ауыр жарақат алған жасөспірімге көмектесті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Ведомство мәліметінше, 10 тамызда Алматы қаласы ТЖД құтқару қызметінің құтқарушылары «Тұйық Су» бақылау-құтқару пунктінен Медеу ауданындағы Титов шыңына аттанды. Онда үш бала бір ересек адаммен ілесіп, тауға көтерілген.

Жасөспірімдердің біріне таудан түсіп бара жатқан кезде тас құлаған.

Құтқарушылар 2009 жылы туған зардап шегушіге жетіп, білегі сынғанын анықтады. Жасөспірім есін біледі, өздігінен жүре алатындай жағдайда болған.

Бала іздестіру-құтқару бекетіне жеткізіліп, ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлеріне табысталды. Жағдайы тұрақты.

Теміртауда төрт жасар бала оқыс оқиға тап болды

30 маусымда Теміртауда үшінші қабаттағы терезеден төрт жастағы қыз бала құлап кетті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше 2021 жылы туған бала ересектердің қарауынсыз қалған. Қызды қарап отырған әжесі бала құлаған сәтте басқа бөлмеде болған.

Бала жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта қыздың жағдайы орташа ауыр деп бағалануда.

Египетте ажал құшқан қазақ әйеліне қатысты соңғы дерек шықты

Фото: құрбысының архивінен

Кеше ғана Мысыр әуежайында көз жұмған әйелдің құрбысы Президенттен көмек сұраған еді. Десе де, марқұм, Қазақстан ішкі істер органдарының ардагері Ақмарал Мұқанова мен оның ұлы сақтандырылған болып шықты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Nomad Insurance сақтандыру компаниясы туристік оператордан қайғылы оқиға туралы ақпаратты естіген соң жедел мүрдені елге жеткізу шығындарына қаражатты аударған. Құзыретті органдардың шешіміне сай марқұмның денесі Шарм-эш-Шейхтан не Каирден жеткізу жоспарланған.

Айта кетейік, Египеттің Шарм-эш-Шейх әуежайында болған оқыс оқиғадан бір ел тұрғынының қайтыс болды.
Кейіннен қаза тапқан қазақстандықтың кім екені анықталды.