
Алматыда сақалды еркек 9 баласының көзінше әйелін ұрып-соққан видео тарады
Алматы облысында ер адам әйелін балаларының көзінше аяусыз ұрып-соққан. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде жарияланды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. Куәгерлердің айтуынша, 10 жасар ұлы әкесін тоқтатпақ болған. Ал қыздары қорқып: «Әке, қойыңызшы!» деп айқайлап, көшеде жүгіріп жүрген. Отбасы тоғыз бала тәрбиелеп отыр екен. Сіздің реакцияңыз?