
Париж-2024: нысана көздеуден екі спортшымыз да іріктеуден өтпеді
Александра Ле мен Арина Алтухова Париж Олимпиадасындағы іріктеу сынынан өте алмады, — деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. Екі спортшы 50 метрге үш позицияда нысана көздеуден сынға түсті. Өкінішке қарай, екеуі де финалға өте алмады. Александра Ле 10, Арина Алтухова 13-орында. Финалға алғашқы сегіз спортшы өтті. Фото: olympic.kz