
Алматыда мопед ұрлаған күдікті полиция қызметкерін жолда сүйреп кетті
Алматыда полиция қызметкері мопед ұрлаған ұрыны тоқтатты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. Тәртіп сақшысының іс-әрекеті көрсетілген бейжазбаны Алматы қаласының Полиция департаменті жариялады. Ресми мәліметке сәйкес, күндізгі уақытта полицияға Төле би даңғылы бойындағы аулада тұрған мопедтің ұрланғаны туралы хабарлама келіп түскен. Мотоцикл дулығасын киген екі адам оңтайлы сәтті пайдаланып, ұрлық жасаған. Жақын маңдағы аумақты жедел тексеру…