– Атап айтқанда, сотталушының жалпы сомасы 50 млрд теңгеден асатын қосымша мүліктік активтерін мемлекет пайдасына қайтару туралы мәселе қаралуда. Бұған дейін хабарланғандай, тергеу барысында Қ. Сатыбалдыұлы өз кінәсін толық мойындап, қылмыстық жолмен алынған мүлікті ашуға ықпал еткен. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезеңінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сотталушының және онымен байланысты тұлғалардың жалпы сомасы 732 млрд теңгеден астам мүліктік активтері мен ақшалай қаражатын мемлекет пайдасына (әкімшілік ғимараттар, эксклюзивті зергерлік бұйымдар, люкс үйлер, пәтерлер мен автокөліктер, компаниялардағы акциялар мен қатысу үлестері, теміржол жолдары мен ақшалай қаражат, шетелдік мүліктерімен қоса) қайтаруды қамтамасыз етті. Айта кетейік, осы тұлғаға қатысты салық төлеуден және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерден жалтару фактісі бойынша тергеу жалғасуда, – деп хабарлады антикор.
Қылмыстық іс
2022 жылдың қыркүйек айының соңында Қайрат Сатыбалды алты жылға бас бостандығынан айырылды. Сот оны және өзге де айыпталушыларды «Көлікке қызмет көрсету орталығы» кәсіпорнынан 28 миллиард теңгеден астам ақшаны ұрлап, «Қазақтелеком» компаниясына 12 миллиард теңгеден астам материалдық шығын келтіргені үшін кінәлі деп тапты.
2023 жылдың қазан айында «Антикордың» сотқа дейінгі тергеу қызметінің басшысы Қанат Сүлейменов Сатыбалдының жалпы құны 300 миллион долларды құрайтын мүлкі мемлекетке қайтарылғанын хабарлады.
Бұған дейін Өскеменнің №2 соты Нұрсұлтан Назарбаевтың жиенін шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішін қанағаттандырмаған болатын. Сот «сотталғанның мінез-құлқы мінсіз емес, оны алған жазасы мен киім үлгісінің бұзылуы дәлелдейді» деген қорытындыға келді.
Бұл туралы мемлекеттік материалдық резервтер комитеті төрағасының орынбасары Руслан Ормағамбетов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.
Оның айтуынша, Қостанай, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Солтүстік және Батыс Қазақстан облыстарына мемлекеттік материалдық резервтен 51 арнайы техника тартылып, тұрғындар төсек-орын жабдықтарымен қамтылды.
Бұдан басқа, Шығыс Қазақстан облысында су тасқынына байланысты төтенше жағдайлардың алдын алу үшін осы өңірлердің әкімдіктерімен мемлекеттік материалдық резервтен қажетті тауарларды шығару мәселесі қаралуда. Мемлекеттік материалдық резервтен берілетін техника мен тауарлар осы төтенше жағдайды жою үшін жаңа, заманауи және қажетті тауарлармен жабдықталған. Тауарлар «Резерв» мемлекеттік кәсіпорнының қоймаларында еліміздің 10 өңірінде орналыстырылған, — деді спикер.
Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті мен «Резерв» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының мамандары тәулік бойы жұмыс істеп жатыр. Әкімдіктердің өтінімдерін қарастырып, сұратылған тауарлар жөнелтілді.
Мемлекеттік материалдық резервтер номенклатурасына сәйкес резервтің қоймаларында тамақ өнімдері, төтенше жағдайларды жоюға арналған тауарлар – арнайы және автомобиль техникасы, шатырлар, төсек-орын жабдықтары және халықтың тіршілігін қамтамасыз ететін қажетті басқа да тауарлар сақталады.
Қарағанды облысының прокуратурасы жалпы құны 27,3 млрд теңге болатын 54 мемлекеттік сатып алудың күшін жойды, деп хабарлады Qazaq.today басылымы.
Бюджет қаражатының жұмсалуы саласына жүргізілген талдау мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың бұзылуын анықтады.
Атап айтқанда, «Балқаш қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-нің жауапты қызметкерлері заң талаптарына қайшы түрде су құбырын күрделі жөндеу бойынша 625 млн теңгеге мемлекеттік сатып алуды жобалық-сметалық құжаттамасыз және сараптамалық қорытындысыз өткізген.
Тағы бір жағдайда, «Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ 75,2 млн теңгеге ластаушы заттардың шығарындыларының мөлшерін өлшеуге арналған жабдықтар мен аспаптарды сатып алуды негізсіз жоспарлаған. Бұл ретте шығарындыларды өлшеу аталған мемлекеттік мекеменің құзыретіне жатпайды.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде бюджет қаражаты облыстық бюджетке қайтарылып, қайта бөлуге жіберілді.
Қаржылық мониторирг агенттігінің өкілі Әлібек Әділов «Талқы» бағдарламасында өзінің «ауру» баласына емге деп халықтан ақша жинаған астаналық келіншек туралы айтты. Көмек сұраған әйел 4 жылда 1.7 млрд теңге жинап, өзіне және күйеуіне автокөлік, Астанадан 2 бөлмелі пәтер сатып алған, деп хабарлайды Qazaq.todayагенттігі.
«Астана қаласының тұрғыны Instagram парақшасы арқылы өзімнің 2019 жылғы ұлымды емдеймін деп ақша жинаған. Бала ресми түрде мүгедектік есебінде тұрған жоқ. 2020 жылдан бастап, оған 360 мың пайдаланушы 1,7 млрд теңге ақша аударған. Ал баланың еміне қажет ақша 50 млн теңге», — дейді ол.
Айтуынша, instagram парақшасын дамыту үшін күніге 150 мың теңге жұмсап, осы үшін 333 млн теңге жұмсаған. Жиналған 127 млн. теңгесі қолма-қол ақша ретінде банктен алынған. Тауарлар мен қызметтен үшін 101,5 млн теңге алынған. Бұл түк емес. Астана қаласында 2 бөлмелі пәтер сатып алған. Өзіне 2021 жылы шыққан Toyota маркалы автокөлігін, күйеуіне 2021 жылы шыққан Lexus маркалы автокөлігін сатып алған. Бұл азаматша 2014 жылдан бері, күйеуі 2021 жылдан бері ресми түрде еш жерде жұмыс істемейді.
«Аттарында ешқандай кәсіпкерлік жоқ. Баланы емдеу үшін Мәскеуге барып, 3,3 млн теңге, Түркияда 3,1 млн теңге жұмсаған. Жалпы баланың еміне 6,4 млн теңге жұмсаған. Бұл жиналған ақшаның 3-ақ пайызы»,- деді Әлібек Әділов.
Астана қаласының инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы Қайрат Боранбаевтың Comfort Hotel Astana қонақ үй кешенін аукционға шығарды.
Қонақ үй сатып алу құқығымен 5 жылға сенімгерлік басқаруға беріледі. Кешеннің бастапқы бағасы – 3 919 431 715 теңге. Кепілдік жарнасы 587,9 миллион теңгеге тең.
Аукцион 27 наурызда өтеді. Шартқа сәйкес, жаңа қонақ үй иесі мүлікті қонақ үй бизнесін жүргізу үшін қатаң түрде мақсаты бойынша пайдалануы керек. Сондай-ақ жаңа қожайынның Қазақстандағы қонақ үйлерді басқару саласында кемінде 7 жыл тәжірибесі болуы шарт.
Еске сала кетсек, Қайрат Боранбаев құны 1,4 миллиард теңгеден асатын Comfort Hotel Astana қонақ үй кешенін мемлекет меншігіне былтыр қазан айында өткізген болатын. Кейін Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек қонақ үйдің елорда әкімдігінің меншігіне берілетінін мәлімдеді.
Сондай-ақ әкім бұл нысанды әлеуметтік қызметке берудің қажеті жоқтығын, елордада туристік мақсаттағы мұндай деңгейдегі қонақ үйлердің тапшы екенін айтты.