Tag Archives: мектеп

Таразда 69-мектептің алдында бағдаршам да, жаяу жүргіншілер өткелі де жоқ

Фото: Видеодан алынған кадр

Тараз қаласында 69 мектептің маңында балалардың жолдан өтуі әлі күнге дейін қауіпті күйде қалып отыр. Бағдаршам да, жаяу жүргіншілер өткелі де орнатылмаған. Күн сайын жүздеген оқушы мектепке жету үшін көлік ағынына тәуекел етіп, жолды кесіп өтеді, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы. 

Бұл мәселе бір күннің немесе бір жылдың проблемасы емес. Тараз тұрғындары бұл жағдайдың ондаған жылдар бойы шешілмей келе жатқанын айтады. «Біздің балалар таңертең мектепке барғанда да, түсте қайтқанда да қорқып өтеді. Жүргізушілердің көбі жылдамдықты азайтпайды. Қанша рет өтініш жаздық, нәтиже жоқ», – дейді қала тұрғыны, үш баланың анасы Айман Қалиева.

Жергілікті әкімдік жыл сайын жол қауіпсіздігін арттыру жөнінде есеп береді, бірақ нақты нәтиже байқалмайды. Көше бойындағы кей мектептердің алдында тіпті жол белгілері де жоқ. «Жаяу жүргінші өткелі болмаған соң, балалар кез келген жерден өтеді. Ал бұл – үлкен қауіп. Бір ғана сәттік бейқамдық адам өмірін жалмауы мүмкін», – дейді тәжірибелі жол қозғалысы инженері Серік Досымбеков, бұл саланы 50 жылдан бері зерттеп жүрген маман.

Оның айтуынша, мұндай жағдай тек Таразда емес, бірақ дәл осы қалада мәселе жүйелі сипат алған. «Кей аулалар мен мектеп маңындағы көшелерде жол қозғалысын ұйымдастыруға ешқандай инженерлік шешім қабылданбаған. Яғни, балалардың қауіпсіздігі қағаз жүзінде ғана қорғалған», – дейді ол.

Ата-аналар жергілікті биліктен нақты қадам күтеді. «Мектеп алдында бағдаршам мен пешеход салу – аса қымбат емес. Бірақ бұл жүздеген баланың өмірін сақтап қалатын қарапайым шешім. Бізге уәде емес, іс керек», – дейді тағы бір ата-ана, Бақытжан Әбілдаев.

Қала әкімдігі әзірге бұл мәселеге қатысты ресми түсініктеме берген жоқ. Ал балалар болса, таң сайын сол қауіпті жолды кесіп өтіп, сабаққа асығып барады.

Сынып жетекшілердің жалақысы өсуі мүмкін

Фото: Pixabay

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлеменова сынып жетекшілердің жалақысын көтеру мәселесі күн тәртібінде тұрғанын растады. «Бұл сұрақ бұған дейін қарастырылған. Бүгінгі таңда жалақының өсуі тікелей қаржылық жағдайға байланысты», – деді министр.

Министрлік мәліметінше, сынып жетекшілерден бөлек, мектепте еден жуушылар мен техникалық қызметкерлер де еңбек етуде, олардың жалақысы да ведомство назарында. Алайда, нақты өсімнің мөлшері мен мерзімі әлі қарастырылуда.

Сүлеменова бұл мәселенің министрліктің басты назарында екенін және оның шешімін қаржы мүмкіндіктері анықтайтынын атап өтті. Жалақыны көтеру бойынша ұсыныстар алдағы айларда қаралуы мүмкін деді.

«Мектеп орнына клуб салып алған кімдер?» Депутаттар әлеуметтік жерді бизнеске айналдырғандарды әшкереледі

Фото: видеодан скрин

Қазақстанда соңғы жылдары мектеп пен балабақша салынуы тиіс жер телімдері жеке компаниялардың меншігіне өтіп, сауда және ойын-сауық орталықтарына айналған жағдайлар жиілеп барады. Мәжілістегі Құрылыс кодексін талқылау кезінде бұл мәселе ашық көтерілді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Депутаттардың айтуынша, қала жоспарларында (ПДП) әлеуметтік нысандарға арналған деп көрсетілген жерлер кейін тұрғын үй, дүкен немесе түнгі клуб салуға пайдаланылып жатыр. Ал жаңа мектептер мен балабақшалар халық тығыз қоныстанған аудандардан шетке ығысып барады.

«Кейбір әкімдіктер инвестордың өтінішін сылтауратып, мектепке бөлінген жердің мақсатын өзгертеді. Ал сол маңайдағы балаларға оқу орны жетпей, ата-аналар таңертең көлікпен басқа ауданға тасуға мәжбүр. Бұл — мемлекеттік жоспарлауға жасалған опасыздық!» — деді депутаттар.

Олардың айтуынша, мұндай әрекеттердің артында пайда қуған құрылыс компаниялары мен жергілікті билік өкілдерінің өзара келісімі тұруы мүмкін.

«Мектептің орнына мейрамхана, балабақша орнына түнгі клуб салу — ұлтқа жасалған қиянат. Баланың білім алатын орны — бизнес нысанына айналмауы тиіс!» — деді Мәжіліс мүшелері.

Депутаттар Үкіметке нақты талап қойды:

• әлеуметтік нысандарға арналған жердің нысаналы мақсатын өзгертуді заңмен тыйым салу;

• егер өзгеріс қажет болса, тек дәл сол ауданда, 100 метр қашықтықтан аспайтын аумақта баламалы жер телімін бөлуді міндеттеу.

«Бүгінгі тәртіп бойынша, мектеп орнына үй тұрғызылып, ал мектеп қаланың шетіне салынады. Бұл – логикаға сыймайтын шешім. Халықтың мүддесін аяққа таптау!» — деді депутат.

Сонымен қатар, депутаттар әлеуметтік жерлерге байланысты шешімдердің барлығын ашық түрде жүргізіп, қоғам өкілдерін талқылауға қатыстыруды ұсынды.

«Біз халықтың көзін алдауға жол бермеуіміз керек. Әлеуметтік нысанның орнына бизнес нысаны салынса, бұл – тікелей жемқорлықтың көрінісі. Ондай шешім қабылдағандарға нақты жаза болуы тиіс», – деді ол.

Парламент мүшелері бұл түзетулерді екінші оқылымда заңға енгізуді талап етті.

«Бұл мәселе – жай ғана құрылыс емес, бұл – әділет пен ардың мәселесі. Мектеп пен балабақшаға арналған жер – ұрпақтың құқығы. Оны ешкімнің жеке бизнесіне айналдыруға болмайды!» — деді депутат сөзін қорытындылай келе.

 

Жасанды интеллектіге өтпелі тренд сияқты қарауға болмайды — Асхат Аймағамбетов (ВИДЕО)

Мектепке айыппұл салынады екен де, оны мұғалімдер төлейді деген не сұмдық? Мектеп асханасы неге мектеп директорына бағынбайды? Жасанды интеллект балаларды ойлау қабілетінен айырып жатыр ма? Бұл туралы Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов Qasqa Jol YouTube-арнасына берген сұхбатында айтты, деп жазды Qazaq Today ақпарат порталы.

«Үкімет Парламентсіз, Парламент Үкіметсіз бірде-бір мәселені шеше алмайды. Яғни, қандай да бір мәселені шешу керек деген мақсат тұрса екеуі бір-бірімен тіл табысып, ортақ келісімге келіп, жұмыс істеу керек. Міне, бұл басты мәселе»,  — дейді халық қалаулысы.

Яғни, мәжілісменнің айтуынша, еліміздегі министрліктердің көп болуы біреуге ұнар, біреуге ұнамас. Алайда, министрліктерді көптеп ашудың басты мақста,ы бүгінгі күні актуалды, яғни еліміздегі болашағы үшін маңызды. Мәселен, жасанды интлеллект министрлігін ашу тбүгінгі күні күн тәртібінде тұр, себебі қазір технология жылдам дамып жатқандықтан, Мемлекет басшысы Жасанды интеллект министрлігін ашуды тасырды. Яғни бұл тақырып қазір әлем бойынша актуалды. Сол себептен әр министрліктің атқаратын белгілі бір ауқымды мәселелері бар.

«Жалпы Президенттің жасанды интеллект деп айтуының да жаны бар. Неге? Себебі жасанды интеллект адамзат үгін экзестенционалды проблема. Жалпы Қазақстан үшін айтатын болсақ жасанды интеллект біздің тәуелсіз ел болып қалуымыздың, цифрлық колонияға айналмауымыздың, жалпы біздің бәсекеге қабілетті болуымыздың мәселесі. Оны солай қарау керек. Оны өтпелі тренд сияқты қарауға болмайды. Жасанды интеллект жалпы экономикамызды, болашағымызды, жалпы сіз бен біздің ойлау қабілетімізді, біздің балаларымыздың құндылықтарына әсер ететін, медицинаға, білімге тікелей байланысты болғаннан кейін Президент шегелеп айтып отыр. Жалпы мұны бүкіл салаға енгізетін болған соң, біз мұны ерте бастап кеттік. Бұған қуануымыз керек. ЖИ жалпы біздің қоғамдағы орнымызға әсер етеді», — деді ол.

Асхат Аймағамбетовтің айтуынша, мұғалімді жасанды интеллект алмастыра алмайды.

«Себебі мұғалім тек білім беруші емес, ол психолог, ол бізде көмек беретін азамат, ол бізде тәрбиеші. Ал ЖИ жай ғана құрал. Сондықтан қанша тырыссақ та мұғалімді ештеңемен алмастыра алмайммыз. Керісінше ұстаздардың қадірі одан сайын артады», — деді ол.

«Айтарлықтай салмақ»: Айдарбек Қожаназаров мектеп дайындығына жарты миллион жұмсағанын айтты

Фото: 1bol.kz

Мәжіліс депутаты Айдарбек Қожаназаров жаңа оқу жылына балаларын мектепке дайындау үшін жарты миллион теңге жұмсағанын ашық айтты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Ол көпбалалы әке ретінде барынша үнемдегенін, тіпті кенже балаларына үлкенінен қалған киімдерді кигізетінін жеткізді.

«Қалай үнемдесең де, мектепке барудың өз шығыны бар. Әсіресе көпбалалы отбасы үшін бұл айтарлықтай салмақ», – деді депутат.