Euronews мәліметінше, оны 188 депутат қолдап, алтауы қарсы дауыс берген.
«Мен Венгрия парламентінің Швецияның НАТО-ға мүшелігін ратификациялау туралы дауыс беруін құптаймын. Енді барлық одақтастар бұл шешімді мақұлдағанда, Швеция НАТО-ның 32-ші одақтасы болады. Швецияның мүшелігі бәрімізді күштірек және қауіпсіз етеді», — деді Альянстың бас хатшысы Йенс Столтенберг.
Венгрия премьер-министрі Виктор Орбанның «Фидес» билеуші партиясы Швецияның Одаққа қосылуына көптен бері кедергі келтірді. Оның өтінішін өткен айда Түркия парламенті ратификациялады.
60,06 млрд долларды сенаторлар Украинаны қолдауға, 14,1 млрд долларды Израильге, тағы 20,23 млрд долларды Максикамен шекарадағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, 4,83 млрд долларды АҚШ-тың Үнді-Тынық мұхит аймағындағы серіктестерін қолдауға, 2,44 млрд долларды АҚШ орталық қолбасшылығына, тағы 2,44 млрд долларды Қызыл теңіздегі операцияларға жұмсамақ.
АҚШ президенті Джо Байден заң жобасын қолдап, Конгрестен оның қабылдануын кешіктірмеуді өтінді. Бастапқы дауыс аптаның ортасында берілетіні болжанған, бірақ заң жобасы өкілдер палатасында республикашылардың көпшілігінің үлкен қарсылығына ұшырауы мүмкін.
Сенаторлар 2023 жылдың күзінен бастап бұл жөнінде келісе алмай келеді. Негізгі себеп – республикашылардың демократтармен Мексикамен шекараны нығайту және иммиграциялық саясатты күшейту шаралары жөнінде ортақ пікірде болмауында. Республикашылар Мексикамен шекараны бақылауды күшейтуді талап етеді. Украинаға кез-келген қосымша көмек талқылануы керектігін де шарт қылмақ.
Конгрес былтыр күзден бастап Украинаны қолдау үшін жаңа бюджетті қабылдай алмаған. Осы уақыт ішінде бұрын бөлінген қаражат таусылып, Киевке америкалық әскери көмек көлемі айтарлықтай қысқарды.
Еуропа одағы әлемдегі алғашқы толық құқықтық пакетті мақұлдады. 36 сағатқа созылған келіссөздерден кейін Еуроодақ Парламенті мен ЕО-ға мүше елдер бірқатар мәселелер бойынша, соның ішінде бет-әлпетті тану және сот жүйесінің технологияны пайдалануы бойынша келісімге келді.
ЕО-ның ішкі нарық комиссары Терри Бретон Еуропа одағының жасанды интеллектті пайдалану туралы нақты ережені орнатқан алғашқы құрлық екенін айтты.
Еуропалық комиссияның басшысы Урсула фон дер Ляйен де жасанды интеллект саласындағы «бірегей заңды келісімді» құптады.
ЕО-ның құқықтық пакеті 2025 жылға дейін толығымен орындалмайды. Оны бұзған компанияларға 35 млн еуроға дейін немесе әлемдік айналымның 7 пайызына дейін айыппұл салынуы мүмкін.
Депутаттар жаңа жылда Еуропарламентке сайлау науқаны басталмай тұрып келісімге келген.