Tag Archives: Мақпал Жүнісова

«Зәкеңмен жақын емес едім»: Мақпал Жүнісова басынан өткен оқиғасын есіне алды

Фото: видеодан скрин

ҚР Халық әртісі Мақпал Жүнісова тұрмысқа шыққан сәтін есіне алды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Өнер иесі 1991 жылы түсірілген видеоны бөлісті. Ол жерде Асқар Тоқпанов әншіге ақжол тілеп, бата берген. Сөзінше, тұрмысқа шығып, ұл мен қыз туып ал деген. Алайда халық әртісі ол кезде бойдақ екенін айтты.

 

“Зәкеңмен бұл кезде жақын емес едік. Көмекшілерінен гүл мен хат беріп жіберетін. 1991 жылы мамыр айында бәрінен аман едім. 1991 жылы қарашада Горисполкомның саяжайында қамауға алындым”, – деп жазды әнші.

 

Желі қолданушылары әртіске ақжарма тілектерін жаудырып жатыр.

 

“Қандай ғажап! Қазақтың бата дарыған аяулы қызы жасай берсін”, “Жүректен шыққан ақ бата қабыл болсын! Асқар атамыздың жаны жәннатта болсын!”, “Мақпалға қазақ өнерінің майталмандары кезінде лайықты бағасын берген екен”,  “Асқар Тоқпанов аңыз адам ғой. Алла Мейіріміне алсын! Мақпал апай қазақтың кіл жақсысынан жоғары баға алған бақытты әншісіз! Алла Сізге ұзақ өмір берсін!”, – деп жазды көпшілік.

 

Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділов екеуінің отбасылық құпиясын бөлісті

Фото: instagram.com/zhunusova.makpal

Танымал әнші Мақпал Жүнісова марқұм Заманбек Нұрқаділовті есіне алып, отбасылық видеоларын бөлісті. Өнер иесі жеке парақшасына осыдан 20 жыл бұрынғы сәттерін көрсетті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

“Топырағыңыз торқа болсын! Қайтып келмес күндерді қарап, бір күліп, бір жылап, өтіп жатқан өмір. Құсымызға дейін ән салатын еді. Атын Айша деп қойғанбыз. 10 жыл ғана өмір сүрді. Зәкеңнің алдында екі ай бұрын ғана суық тиіп өліп қалды. Мені Зәкеңнен қызғанатын. Зәкең жұмысқа кеткен бойда маған ұшып келіп, “Макуша, жақсысың сен” жейтін. Мен Қытайға концертке кеткенде құсты үйдегі қыздар шомылдырып, торын дұрыс жаппаған. Содан суық тиді. Өзім болғанда екі сағатқа торын көрпемен орап тастаушы едім. Қазақша ән салады. “Сен қайда жүрсің?” деген әнді үйреткен едім. Оны түсірген видеоны өшіріп алдым. Зәкеңнің құсына дейін ақылды еді”, – деп жазды халық әртісі.

Әншінің оқырманы марқұм саясаткерді естеріне алып, жақсы адам екенін жарыса жазып жатыр.

“Зәкең батыр адам еді”, “Қандай керемет сәттер”, “Мұндай алып тұлға 100 жылда бір туатын шығар”, “Мақпалдың жаралы жанын кім емдейді?!”, “Алла марқұмның білмей істеген күнәларын кешірсін”, “Қабірі жарық болсын”, “Қазақтың маңдайына сыймай кеткен тұлға еді. Арыстандай азамат халық жадында мәңгі сақталады”, – деп жазды көпшілік.

 

«Түбінен сынды»: Мақпал Жүнісова жарақат алғанын айтты

Фото: Instagram/zhunusova.makpal

Әнші Мақпал Жүнісова аяқ асты қолын жарақаттап алғанын айтты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Бұл туралы өнер иесі әлеуметтік желідегі жазбасында айтып, пікір қалдырды.

«Нұртас замандас,  60 жасыңыз құтты болсын! Шақыруыңызға бара алмай қалғаныма ренжімеңіз. Ғұмырлы болып, тәтті немерелеріңізден шөбере сүю бақыты бұйырсын. «Шапаныңыз» Гүлекеңнің каспиінде. Мен аяқ асты сатыдан сырғанап кетіп, қолымды ауыртып алдым. Құдай сақтап, қол аман қалғанымен тырнақ түбінен сынды», — деп жазды әнші.

Мұны естіген желі қолданушылары әншіге жылы лебіздерін арнап, тезірек жазылып кетуіне тілекші екендіктерін жеткізді.

«Сайқымазақ»: Мақпал Жүнісова әзілкеш Қайрат Әділгерейді орнына қойды (ВИДЕО)

Коллаж: sn.kz

Желіде әнші Мақпал Жүнісованың әзілкеш, актер Қайрат Әділгерейге ұрысып тастаған видеосы тарады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Видео кадрларынан әзілкештің Мақпал Жүнісованың дауысы мен күлкісіне пародия салғанын байқауға болады.

«Сала алмаған соң ештеңені салмау керек. Салған соң дұрыстап салу керек! Мен сияқты күле алмайсың ба, мүлде күлме», — деді Мақпал әзілкешке.

Желі қолданушылары Жүнісованың бұл әрекетіне риза болып, түрлі пікір жазды.

«Осы Қайраттың кей қылықтары ерсі», «Сайқал күлкі дейді ма ондай күлкіні», «Жырбыңдап еді, сауап болды Қайратқа», «Мақпал дұрыс айтады», «Сайқымазаққа дұрыс айтты», деп жазды олар. 

«Бәрі есіме түсіп жатыр»: Мақпал Жүнісова естелігін бөлісті (ФОТО)

Фото: @zhunusova.makpal

Әнші Мақпал Жүнісова оқырмандарын жаңа оқу жылымен құттықтады, деп жазды Qazaq Today ақпарат порталы.

Өнер иесі қызы Мерейдің оқушы кезіндегі суреттерін жариялап, естелігін бөлісті.

“Сонымен, 1 қыркүйекте алғаш мектеп табалдырығын аттаған ұл-қыздарымыз тарыдай боп кіріп, таудай боп шықсын! Мереке құтты болсын! Мерейімнің альбомын қарап, бәрі есіме түсіп отыр. Суреттер сыр шертеді деген  – осы”, – деп жазды әнші.