
Қазақстандық әйел банктен 31 миллион теңге ұрлап, Мәскеуге қашып кеткен
Қазақстан Бас прокуратурасының баспасөз қызметі тағы бір экстрадиция туралы хабарлады. Бұл жолы аса ірі көлемде бөтеннің мүлкін ұрлаған күдікті Мәскеуден отанына қайтарылды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы zakon.kz сайтына сілтеме жасап. Тергеу мәліметінше, әйел 2015-2017 жылдар аралығында Астанадағы банктердің бірінің филиалында жетекші менеджер қызметін атқарған. Осы уақыт аралығында ол 31 миллион теңгеден астам қаражатты…