«Арнайы талаптар сақталса қатысуға болады»: Мүфтият ГИВ ойындарына қатысты пәтуа шығарды
Фото: Pixabay Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «Гив» ойнатуға қатысты пәтуа шығарды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Instagram желісінде жиі ұйымдастырылатын «гив» ойындарын шариғат бойынша түсіндірді. “Гив ойынында парақшаға тіркелушілер тарапынан кіру жарнасы алынса немесе бір затты сатып алу шарты қойылса, ондай конкурсқа қатысуға тыйым салынады. Одан тапқан табыс шариғат бойынша харам болады….
