Семейдегі мәдениет үйі — қоқыс қоймасын еске салады. Әкімдік неге көз жұмып отыр?
Фото: Видеодан алынған кадр Семейде қала әкімдігінің немқұрайлығынан балалар халықаралық деңгейдегі конкурстарға лайықсыз жағдайда дайындалуға мәжбүр. Әлеуметтік желілерде тараған видеода жергілікті тұрғындар қалалық мәдениет үйінің ішкі жағдайын ашық көрсетіп, «лас, кір, кіруге қорқамыз» деп дабыл қақты. Айтуларынша, ғимаратқа жылдар бойы жөндеу жасалмаған, қабырғалар тозған, едендер қараусыз, ал жарықтандыру мен санитарлық талаптар сын көтермейді, деп жазады…
