
Каспий жағалауынан өлі балықтар табылды
Каспий теңізінің Түпқараған ауданы, Форт-Шевченко маңындағы жағалауынан өлі балықтар табылды. Әлеуметтік желілерде тараған бейнежазба тұрғындар арасында алаңдаушылық тудырып, мәселе экология мамандарының назарын аудартты, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы Lada.kz-ке сілтеме жасап. Маңғыстау облысы бойынша экология департаменті 7 шілдеде су сапасын тексеру мақсатында балық шаруашылығы басқармасымен бірлесіп оқиға орнына мамандар жібергенін мәлімдеді. «Балықтардың жаппай қырылу себебін анықтау үшін…