Tag Archives: лауазым

Ерболат Досаев жаңа қызметке тағайындалды

Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерболат Асқарбекұлы Досаев Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы. 

Ерболат Досаев 1970 жылы 21 мамырда Алматы қаласында туған.

Білімі:

1993 ж. – Алматы энергетикалық институтын, Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университетін бітірген.

Еңбек жолы:

1993-1994 жж. – «Іскер» МАӨҚ менеджері, «Вега» ШК директорының орынбасары.

1994-1996 жж. – «Акцепт» Фирмасы» ЖШС директорының орынбасары, директоры.

1996-1997 жж. – «Акцепт» Корпорациясы» ЖАҚ директоры, бірінші вице-президенті, бас директоры, «Тұран Әлем Банкі» ЖАҚ Басқарма Төрағасының орынбасары.

1997 жылдың тамызы – 1998 жылдың наурызы – «Алматы сауда-қаржы банкі» ЖАҚ басқарма төрағасы.

1998 жылдың наурызы-шілдесі – Қазақстан Республикасы Премьер-министрі кеңесшісі.

1999-2001 жж. – Қазақстан Республикасының құнды қағаздар бойынша ұлттық комисиясы мүшесі.

1998-2000 жж. – Қазақстан Республикасы энергетика, индустрия және сауда вице-министрі.

2000-2001 жж. – Қазақстан Республикасы қаржы вице-министрі.

2001-2002 жж. – Қазақстан Республикасы табиғи монополиялар, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау агенттігінің төрағасы.

2002-2003 жж. – Қазақстан Республикасы табиғи монополиялар, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау агенттігінің төрағасы.

2003-2004 жж. – Қазақстан Республикасының қаржы министрі; Қазақстандағы Еуропалық қайта құру және даму банкінің басқарушысы; Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің басқарма мүшесі.

2004-2006 жж. – Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрі.

2012-2013 жж. – Қазақстан Республикасының экономикалық даму және сауда министрі.

2013-2014 жж. – Қазақстан Республикасының экономика және бюджеттік жоспарлау министрі.

2014-2016 жж. – Қазақстан Республикасының ұлттық экономика министрі.

2016 жылдың шілдесі – 2017 жылдың тамызы – «Бәйтерек» ҰБХ басқармасының төрағасы.

2017 жылдың 29 тамызы – 2019 жылдың 25 ақпаны – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары.

2019 жылдың 26 ақпанынан – Қазақстан Республикасы Ұлттық банк төрағасы.

2022 жылдың 31 қаңтарында  Алматы қаласының әкімі болып тағайындалып, осы жылы босатылған еді.

Рамзан Қадыровтың 16 жастағы ұлы жаңа лауазымға ие болды

Фото: РФ Президенті жанындағы Шешен Республикасының Тұрақты Өкілдігі
Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтың ұлы, 16 жасар Адам, жаңа лауазымға ие болды. Ол Владимир Путин атындағы Ресей арнайы күштерінің (РУС) кураторы болды, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат агенттігі.

Тағайындау туралы Қадыровтың өзі жеке Telegram-арнасында хабарлады. Саяси қайраткер ұлының міндеттерін өте жақсы орындайтынына сенімді, деп жазады Zakon.kz.

Сондай-ақ, бұл шешім РУС басшысы Байбетар Вайхановтың өтініші бойынша қабылданғанын айтты.

«Адам Қадыров атақты университеттің қызметімен тығыз таныс. Ол жүктелген міндеттерді өте жақсы орындайды деген сенімдемін», деді Рамзан Қадыров.

Айта кету керек, бұл Адам Қадыровтың алғашқы лауазымы емес. 16 жасар Қадыров Шешенстанның батыры, әкесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлімінің бастығы және Шейх Мансур атындағы батальонның кураторы қызметінде.

Әлихан Смайылов жаңа қызметке тағайындалды

Фото: primeminister.kz

Мемлекет басшысының Жарлығымен Әлихан Асханұлы Смайылов Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының Төрағасы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Әлихан Смайылов 1972 жылы дүниеге келген. 1994 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін «қолданбалы математика» мамандығы бойынша тәмамдаған. 1996 жылы ҚР Президенті жанындағы Қазақстан менеджмент, экономика және болжамдау институтының мемлекеттік басқару магистрі дәрежесіне ие болды.

1993–1999 жылдары — «А-Инвест» инвестициялық–жекешелендіру қорының бас маманы; бөлім басшысының орынбасары, ҚР Ұлттық статистика агенттігінің басқарма басшысы; ҚР Статистикалық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің Статистика және талдау комитеті төрағасының орынбасары; бас сарапшы, экономика секторының меңгерушісі, ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болып қызмет атқарған.

1999–2003 жж. — ҚР Статистика агенттігінің төрағасы.

2003–2006 жж. — ҚР сыртқы істер вице-министрі, «Экспорттық несиелер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру компаниясы» АҚ басқарма төрағасы.

2006–2009 жж. — ҚР қаржы вице-министрі, «ҚазАгро» ҰХ президенті.

2009–2014 жж. — ҚР Статистика агенттігінің төрағасы.

2014–2015 жж. — ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика жөніндегі комитетінің төрағасы.

2015 жылдың желтоқсанында Мемлекет басшысының Жарлығымен ҚР Президентінің көмекшісі болып тағайындалды.

2018 жылдың 18 қыркүйегі – 2019 жылдың 25 ақпаны – Қазақстан Республикасы қаржы министрі.

2019 жылдың 25 ақпанынан – Премьер-министрдің бірінші орынбасары – қаржы министрі.

2020 жылдың 18 мамырынан бастап – Қазақстан Респбуликасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары.

2022 жылғы 5 қаңтарда Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің міндеттері уақытша жүктелді.

2022 жылғы 11 қаңтарда Мәжіліс депутаттары Әлихан Смайыловты ҚР Премьер-Министрі қызметіне тағайындауға дауыс берді.

2023 жылғы 30 наурызда ҚР Премьер-Министрі қызметіне қайта тағайындалды.

Қызылордада білім бөлімінің басшысы қызметінен босатылды

Фото: Pixabay 
Қызылорда қаласы прокуратурасының қадағалау актілері негізінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасау фактілерімен лауазымды тұлғалар жауапқа тартылды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

«Қызылорда қаласы білім бөлімінің басшысы лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану арқылы 2022-2023жж. аралығында 5 қызметкерді конкурссыз білім беру ұйымдарына педагог ретінде жұмысқа қабылдау туралы заңсыз бұйрық қабылдаған. Сонымен қатар Қызылорда қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасарымен қала аумағында 40 жаяу жүргіншілер проекторларын орнату бойынша орындалмаған жұмыстар қабылданып, 27 млн. қаражат негізсіз аударылған» — делінген хабарламада.

Қадағалау актілерін қарау нәтижесінде білім бөлімінің басшысы лауазымынан босатылса, бөлім басшысының орынбасары «қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту» түріндегі тәртіптік жауапқа тартылды.

«Қазығұрт» кеден бекетінің лауазымды басшылары пара алды деген күдікке ілінді

Түркістан облысындағы «Қазығұрт» кеден бекетінің лауазым иелері жүйелі түрде пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлады otyrar.kz.

Тергеу жұмыстарымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаменті айналысып жатыр.

Ведомствоның мәліметіне қарағанда, олар жүк көліктерін кеден бекеті арқылы кедергісіз өткізу үшін сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардан 50-ден 200 мың теңгеге дейін пара алу деген күдікке ілініп отыр. Қазір сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жариялауға жатпайды.