Tag Archives: күзетші

Алматыда қыз зорлаған күзетші сотталды

Фото: stan.kz

Алмалы аудандық сотында қызды пышақпен қорқытып, зорлады деп айыпталған К-ға катысты қылмыстық іс қаралды. Сот отырысы жабық өтті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Сотталушыға 2 эпизод бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген айып тағылды.

«2023 жылдың 7 тамызына қараған түні, сотталушы К. қаланың көңіл көтеру орындарының бірінде күзетші болып жұмыс істей отырып, сол түні мекемеге келген жәбірленуші П-мен танысқан. Кейін соталушы жәбірленушінің сеніміне кіріп, үйіне дейін шығарып салуды ұсынған. Үйдің кіреберісіне кірген соң сотталушы бәкісін шығарып жәбірленушіні өлтірем деп қорқытып, зорлаған» деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

Сондай-ақ сот сотталушы К-ның материалдық жағдайын жақсарту үшін тағы бір қылмыс жасауға ұмтылғанын анықтады.

«2023 жылдың 9 қарашасында таңертең сотталушы К. түнгі клубқа келіп, кірер есік алдында екі жас жігіттің жанжалын көреді. Кейін жәбірленушіге жақындап, бетінен ұрып, қалтасынан бағалы заттарын шығаруын сұрайды. Жәбірленуші ұялы телефоны мен ақшасын береді» деп атап өтті ведомстводан.

Сотталушының кінәсі қылмыстық іс материалдарымен, сараптама қорытындысымен, куәлардың айғақтарымен дәлелденді.

Сот үкімімен сотталушы К. кінәлі деп танылып, оған 8 жыл 1 ай бас бостандығынан айыру жазасын тағайындалды.

Алматыда ер адам күзетшіні көлікпен қағып, тепкілеп өлтірді

Фото: Видеодан алынған кадр

Алматыдағы элиталық тұрғын үй кешенінде ер адам күзетшіні қасақана өлтірді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Күзетші ауыр жағдайда ауруханаға жеткізіліп, сол жерде көз жұмды.

Қайғылы оқиғаның бейнеролигі әлеуметтік желіде жарияланды. Онда күзетші қақпаны жаба бастағанда, джип мінген ер адам оны бірнеше рет әдейі қағып, артынан көліктен түсіп оны жұдырықтай бастағанын көруге болады.

Аталған жағдайға Алматы қаласының полиция департаменті түсініктеме берді.

Кісі өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала мәлімет бойынша, тұрғын үй кешенінің күзетшісі мен тұрғыны арасында жанжал шығып, 45 жастағы ер адам күзетшіге ауыр дене жарақаттарын келтірген. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстың басқа да мән-жайлары анықталып жатыр, — деді Алматы қалалық полиция Департаментінің баспасөз қызметі.

Елді дүрліктірген қылмыс «Меркур Таун» тұрғын үй кешенінде болған.