Димаш Құдайберген БҰҰ-ның ізгі ниет елшісі болды
Фото: instagram.com/kudaibergenov.dimash Бүгін Халықаралық көші-қон ұйымы жаңа ізгі ниет елшілерінің тағайындалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі. Қазақстандық музыкант, әнші және композитор Димаш Құдайберген Халықаралық көші-қон ұйымының аймақтық ізгі ниетті елшісі (Азиядағы аймақтық рөлі) болып тағайындалды. «Мен Халықаралық көші-қон ұйымының ізгі ниет елшісі ретінде мигранттардың құқықтарын қорғауды мақтан тұтамын. Әрбір адамның құқығы мен мүмкіндіктері…