Семей көшелерін су алып кетті
Ведомствоның хабарлауынша, Семей қаласында сыртқы ауа температурасының көтерілуіне және қардың мол еруіне байланысты қаланың 4 аула аумағы мен 5 көшесі су астында қалған. – Жергілікті атқарушы органдардың күшімен Щорс, Кирпичный, 3-ші Лодочная, Восточный және Подгорная кенттері, сондай-ақ қаланың басқа бөліктерінде су айдау жұмыстары жүргізілді, тұрғындардың өтінімі бойынша «Теплокомэнерго» МКҚК-мен бірлесіп инертті материал таратылды. Департамент қызметкерлері Красин, Садовая…