
Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Конго Президентін қарсы алды
Фото: Ақорда Ақордада елімізге мемлекеттік сапармен келген Конго Демократиялық Республикасының Президентін ресми қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Феликс Чисекеди бір-біріне делегация мүшелерін таныстырды. Содан соң Құрмет қарауылының бастығы рапорт беріп, екі елдің әнұрандары орындалды.