Tag Archives: клиника

Медицинадағы салғырттық: «Жаңа адамдар» Астанада жалған анықтамалар сатқан мекемені анықтады (ВИДЕО)

Жаңа адамдардың AntiLIPA азаматтық науқаны Ayana Clinic жеке меншік клиникасының алдында резонансты акция өткізді. Белсенділер өрескел заңбұзушылықтар мен жалған медициналық құжаттардың жүйелі сатылымын анықтады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Екі ай бойы Жаңа адамдар командасы Астанадағы Қаныш Сәтбаев көшесі, 13/3 мекенжайында орналасқан Ayana Clinic қызметін бақылады. Тергеу нәтижесінде медициналық анықтамаларды қолдан жасауға қатысты көптеген деректер тіркелді. Ең алаңдатарлық мәселе — бұл мекемеде ешқандай медициналық құрал-жабдық жоқ. Тек принтер, кассалық аппарат және жалған мөрлердің үйіндісі ғана бар. Кез келген құжатты небәрі бірнеше минутта сатып алуға болады — ешқандай талдау, тексеру, тіпті визуалды қарау да қажет емес. Белсенділердің біріне интернеттен жүктелген флюорография анықтамасы сатылған.

Салғырттықтың ауқымын көрнекі түрде көрсету үшін AntiLIPA символикалық «анализ» банкаларын дайындады — бұл нақты үлгілері мүлде тексерілмеген адамдар үшін жасалған белгі болды. Белсенділер түрлі иісті сұйықтықтар құйылған 150 банканы “тексеруге” алып келді. Акция нәтижесінде Ayana Clinic қызметі уақытша тоқтатылды.

Жалған анықтама — бұл тек жүйені алдау емес, бұл адамдардың өміріне төнетін тікелей қауіп. Мәселен, Ақтөбедегі көпбейінді балалар ауруханасында ашық түрдегі туберкулезбен ауырған медбике жұмыс істеген. Бұл ақпаратты облыстық денсаулық сақтау басқармасы ресми түрде растады. Қазір 700-ден астам бала мен 55 қызметкер байланыста болғандар ретінде тіркеліп отыр, өйткені олардың жанында қауіпті инфекция жұқтырған адам жүрген. Бұл жағдай тек бақылаудың әлсіздігінен ғана емес, қоғамның бейжайлығынан да туындап отыр. Жауапкершілік — анықтама сатып жатқан, сатып алатын және мәселені әдейі елемеуді таңдаған әр адамның мойнында.

Львов Даниил, Жаңа адамдар:

«Анықтама, сертификат немесе диплом сатып алуға болатын осындай клиникалар, авто-мектептер мен университеттер — себеп емес, салдар. Біз бәрімізді адал дәрігерлер емдеп, сауатты мұғалімдер оқытып, сенімді жүргізушілер тасымалдағанын қалаймыз. Алайда өзімізде қулық жасау мүмкіндігі туса, оны жиі пайдаланамыз. Жаңа Қазақстан жалғандықпен құрылмайды. Ол адал таңдаудан басталады, тіпті алдау оңай болса да».

Жаңа адамдар медициналық қызмет сапасына мұқият қарауға және қоғамның денсаулығы мен қауіпсіздігі туралы сөз болғанда шетте қалмауға шақырады.

Шымкентте клиника өртеніп кетті

Фото: ҚР ТЖМ

Шымкент қаласының Абай ауданында жеке көз клиникаларының бірінде алдын ала 180 шаршы метр алаңда 4-ші қабаттың төбесі жанып кетті, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы.

Өрт сөндірушілердің жедел және үйлесімді әрекеттерінің арқасында жануды жойып, өрттің бүкіл ғимараттың таралуына жол берілмеді.

Өрт толығымен жойылды. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.

Астанада клиника қайтыс болған адамдары тіркеп, мемлекеттен қаржы алып отырған

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры медициналық көмектің сапасы мен көлемдеріне тұрақты түрде мониторинг жүргізіп отырады. Қор аталған жұмысты жүргізу нәтижесінде Астанадағы жекеменшік емхананың 16 мың азаматты, оның 13 мыңнан астамы баланы өзіне заңсыз тіркегенін анықтады. Азаматтарды тіркеу Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан қаржыландыруға қол жеткізу үшін осы аталған тұлғалардың немесе олардың заңды өкілдерінің келісімінсіз жасалған.

Мұның себебі, барлық емханаларға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің қаражатынан оларға бекітілген әрбір тұрғын үшін айына 1 617,64 теңге мөлшерінде базалық төлем есептеледі. Бекітілген халықтың жас коэффициенті бойынша сома әрбір емхана бойынша жеке реттеледі. Нәтижесінде аталған клиника мемлекеттен әрбір тіркелген тұрғын үшін айына шамамен 1 800 теңге алып отырған.

Бұл емханаға шетелге тұрақты немесе уақытша тұруға кеткен адамдар тіркелген. Сонымен қатар Қазақстанның басқа өңірлерінде тұратын азаматтар да болды. Тұрғындардың елордалық емханаға ешқашан бармағаны, алайда медициналық қызмет алғандығы туралы 1414-тен хабарлама алып наразы болғандығы жөнінде шағымдары бар.

Кепілдік берілген төлемнен бөлек, емхана 16 мың азамат үшін нақты көрсетілмеген қызметтерге МӘМС жүйесінде төлем ұсынған. Сонымен бірге Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры 5-10 жыл бұрын қайтыс болғандығы тіркелген балаларға медициналық қызмет «көрсету» фактісін анықтады.

Нәтижесінде елордалық емхана жалпы сомасы 100 млн теңгеден асатын 33 мыңнан астам қызметті «қосып жазған».

Аталған факті бойынша материалдар құқық қорғау органдарына берілді. Қазіргі уақытта Астана қаласының мамандандырылған экономикалық сотында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры мен елордалық емхана арасында бұзушылық үшін айыппұлды қоса заңсыз алынған соманы қайтару жөнінде сот талқылауы жүріп жатыр.